Атырауда ауа райы күрт өзгермек…
Синоптиктердің болжауынша, Атырау өңірінде 6 мамырда қатты жаңбыр мен найзағай күркірі күтілуде.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 17-22 м/с.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Қатты жел кезінде сақтық шаралары:
— көшеде қатты жел соқса, ғимараттар мен құрылыстарды паналау кажет;
— қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын тығылмаңыз, өйткені шатыр құлап кетуі мүмкін.
— жоғары қабаттың терезелерінен әйнек құлауы мүмкін;
— үзілген сымдарға жақындау да қауіпті;
— сонымен қатар билбордтардан, маңдайшалардан, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болуыңыз керек.
— үлкен ағаштардың жанында болу қауіпті, сондай-ақ олардың жанында жел соғып тұрған автокөліктерді қою өте қауіпті болуы мүмкін.
— үйлердің барлық терезелері мықтап жабылып, құлап кетуі мүмкін балкондар мен лоджиялардан аулақ болу керек.
Д.Берденов, Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы