Атырауда атмосфералық ауаға мониторинг жүргізілді

221222134754486e Экология

Атырау облысында атмосфералық ауаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына сәйкес ай сайын жүргізіледі.  

Атырау қаласы тұрғындарының атмосфералық ауаның ластануына шағымдарының көбеюіне байланысты мобильдік топ құрылған, ол түнгі уақытта атмосфералық ауа сынамасын алуды жүзеге асырады. Атмосфералық ауаға мониторинг Атырау қаласының селитебті аймағында 29 нүктеде, Жылыой ауданы, Құлсары қаласының аумағында 17 нүктеде ұйымдастырылған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша санитариялық-гигиеналық  зертхана селитебті аймақтан 24 ингредиентке 9644 сынама алып тексерілді.Атырау қаласының 18 сынамасында (0,2%), Жылыой ауданы, Құлсары қаласының 4 сынамасында (0,1%)  зиянды заттектердің мөлшері жоғары екені анықталды.

Бақылаудағы объектілер мен қоршаған орта объектілері жай-күйінің көрсеткіштері нашарлаған жағдайларда, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері басқарушылық шешімдер қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына шығарылып отыр.

Облыстың атмосфералық ауасын ластау бойынша мәселені шешу мақсатында атмосфералық ауаны ластаушы объектілерді анықтау үшін құзыретті органдар мен мүдделі тұлғаларды қоса отырып, жұмыс тобы құрылды. Мәселен, 2022 жылы рұқсат етілген шекті шоғырлануынан асуы анықталғанына байланысты 2 заңды тұлғаларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 425 бабы, 1 тармағына сәйкес хаттама толтырылып,  әкімшілік шарасы алынды.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар мен объектілердің операторлары арасында кәсіпорындардың санитариялық-қорғау аймағынан тыс жерлерде және Атырау қаласының селетибтік аумағында жоғары ластану және атмосфералық ауаның экстремалды жоғары ластануы туындаған жағдайларда өзара іс-қимыл туралы 3 жақты меморандум әзірленіп, қол қойылды.

Қоғамдық экологиялық кеңес табиғат пайдалану,  қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы АМӨЗ саясатын іске асыру, халықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдай туралы хабардар ету, аталған саладағы өзекті мәселелер бойынша «АМӨЗ» ЖШС жанынан қоғамдық экологиялық кеңес құрылып, кеңес отырысы өткізілді. Кеңесте атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі жол картасы бойынша жеңіл мұнай өнімдері бойынша құю операцияларын герметикалық құю эстакадасына ауыстыру, баяу кокстеу қондырғысында буды қалпына келтіру блогын салу, резервуарлық саябақтарда понтондарды орнату мәселелері қарастырылды.

Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық обьектілерді бақылау және қадағалау бөлімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз