Жарнама
Экология

Атырауда экологияны қорғауға арналған Меморандумға қол қойылды

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Атырау қаласындағы «Достық» үйінде тағылымды іс-шара өтті. Ол «Таза Қазақстан: Иман. Ынтымақ. Тазалық» деп аталды. Басқосуды облыстық мәслихаттың депутаты Арман Хайруллин кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

Алдымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен жұмыстар жөнінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов баяндама жасады.

Келесі кезекте жиынға қатысқан облыстағы діни бірлестіктер мен конфессиялардың, Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу орындары жанынан құрылған студенттік ассамблеялардың өкілдері күн тәртібіне қойылған тақырып төңірегінде ой бөлісіп, ұтымды ұсыныстар мен пайымды пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында діни конфессиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері «Тазалық – жаңару жолында» атты Меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар қоршаған ортаның қорғалуына өзіндік үлесін қосып жүрген қоғам белсенділері мен табиғат жанашырларына облыс әкімі Серік Шәпкеновтің атынан Алғыс хаттар табыс етілді.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button