
Атырауда экологиялық сенбілік өтті
«Ауыл» партиясының Атырау облысы бойынша өңірлік филиалы О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттерімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Жайық өзені жағалауында жалпыреспубликалық сенбілік ұйымдастырды.

Аталған партия филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аудару.
Сенбілік барысында қатысушылар өзен маңын қоқыстан тазартып, табиғатты аялаудың маңыздылығын насихаттады. Іс-шараға 30-дан астам колледж студенті мен партия мүшелері белсене қатысып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Бұл бастама – жастардың экологиялық сана-сезімін арттыруға және таза, қауіпсіз қоршаған орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ