Атыраудағы тазалық акциясына колледж студенттері де қатысуда (+ФОТО)

img 20220416 wa0025 1 ФОТОГАЛЕРЕЯ

Атырауда басталған санитарлық тазалық айлығына студенттер мен ерікті жастар да атсалысуда.

Олардың арасында Атырау аграрлық техникалық колледжі, Атырау қаласы Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі, Атырау көлік және коммуникация колледжі, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері бар. Ортақ іске әр ұжымнан барлығы қырыққа жуық жас жұмылды. Олар «Вест Дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Береке ауылы мен Аламан базарына дейінгі аумақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілікке шыққан студенттер тек мұнымен ғана шектеліп қалмай, алдағы уақытта игі істі дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.

Диас НАУРЫЗАЛИЕВ

img 20220416 wa0023
img 20220416 wa0024
img 20220416 wa0027
img 20220416 wa0026
img 20220416 wa0022
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз