ЭкологияФОТОГАЛЕРЕЯ
Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы да сенбілікке үлес қосты (+ФОТО)
Мұнайлы шаһардағы тазалық науқанына Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері де өз үлестерін қосты.
Кәсіпорынның баспасөз өкілі Аида Базарбаевадан білгеніміздей, облыс орталығындағы Әуезов пен Азаттық көшелерінің қиылысынан Балықшы мөлтекауданына дейінгі аралықта тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған зауытта еңбек етіп жатқан 325 жұмысшы жұмылдырылған. Барлығы 20 текше метр қоқыс жинап алынды.
Аталған аумақтар қаланың қақ ортасы саналса да, күл-қоқысқа толып кеткені көрініп тұр. Қоқыс қалдықтарының арасында бетон, төсеме, бордюр, темір, шөлмек, және басқа да неше түрлі заттар бар. Сенбілікке шыққандар көпқабатты үйлердің арасындағы қаулап өскен қамыс пен шөптерді де тырнауышпен тырнап өтті.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ