
Экология
Атырауда табиғи парк құрылуы мүмкін
Атырау және Ақтөбе облыстарының шекарасында табиғи парк құрылуы мүмкін.
«Атырау облысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Ол Каспий теңізінің жағалауында орын тепкен, қорғалатын сулы-батпақты алқап. Өңірде табиғаты тамаша, адам аяғы тимеген бірегей дала алқаптары болса да, әлі күнге табиғи парк жоқ. Сондай алқаптарда табиғи парк құруды жоспарлап отырмыз», — дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы атқарушы директорының міндетін атқарушы Сергей Скляренко.
Оның айтуынша, Атырау және Ақтөбе облыстарының шекарасындағы аумақ табиғи парк құруға сұранып-ақ тұр.
Хорлан СМАДИЯР