АМӨЗ-ге вице-министр келді
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі Зульфия СҮЛЕЙМЕНОВА Атырау облысына жұмыс сапарымен арнайы келіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты.
АМӨЗ баспасөз қызметінен білгеніміздей, вице-министр бастаған делегация 16 тамызда булану алаңына (Сасықсай) барып, Tazalyq жобасын іске асыру бойынша жұмыс барысымен танысты. Қамысты шабу және құрғатылған бөлікті жырту жұмыстары жүргізілген булану өрістерінің I және II секторларын қарап шықты, Tazalyq жобасының алдағы жұмыс жоспары туралы ақпарат алды. Айта кетейік, жобаның аяқталуы 2023 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Вице-министр жергілікті атқарушы органдарға жұмыстарды орындау мерзімдерін сақтау мақсатында жобаны жүзеге асыруда Атырау мұнай өңдеу зауытына жәрдемдесуді тапсырды.
Кейін жұмыс тобы зауыттың өндірістік аумағында болып, орталық тарату пунктінің (ЦРП-4) қосалқы станциясын аралаған болатын. Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясының қосымша көздеріне қатысты сұрақтарға да жауап алды.
Сондай-ақ зауыт аумағын аралаудың соңғы нысаны — Tazalyq жобасының бір бөлігі болып табылатын жабық түрдегі ағынды суларды механикалық тазарту қондырғыларының (МОС) құрылыс алаңын болды.
Жұмыс күнінің екінші жартысында «АМӨЗ» ЖШС жиналыс залында вице-министр жұртшылықпен және кәсіпорындар өкілдерімен кездесу өткізді.
Бұл кездесудің басты тақырыбы қала мен облыстағы экологиялық жағдайға байланысты өзекті мәселелер болды. Сұрақтар мен жауаптар сессиясынан кейін З.Сүлейменова қалалық және облыстық атқарушы органдарға бірқатар тапсырмалар берді. Қорытындылай келе, вице-министр қатысушыларға мардымды диалог үшін алғысын білдіріп, кездесуде айтылған барлық проблемалық мәселелерді қарастыруға уәде берді.