АМӨЗ 250-ге жуық аумақты көгалдандырды

1 Экология

Ағымдағы жылдың 21-ші маусымында Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, сондай-ақ экология департаментінің бастамасымен  «АМӨЗ» ЖШС санитарлық-қорғау аумағында  қала белсенділерімен кездесу ұйымдастырылды. Делегацияны Атырау облысы экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхамбетов басқарды.

           Атыраудың танымал экобелсенділері Арман Хайруллин, Галина Чернова, Шынар Ізтілеуова, Руслан Күмісқалиев құраған топ ауданы 805 га тұратын зауыттың санитарлық-қорғау аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Атап айтсақ, абаттандырылған, көғалдандырылған «АМӨЗ» ЖШС санитарлық-қорғау аумағы 224,7 га құрайды. Санитарлық-қорғау аумағын қорғау және күтіп ұстауды  «Gold Sunray» ЖШС мамандырылған ұйымы қамтамасыз етеді. Бұл ұйым суару, ағаштар мен бұталарды химиялық өңдеу, сондай-ақ жыл сайын өспей қалған жасыл желектердің орнына аудандастырылған көшеттерді отырғызу жұмыстарын жүргізеді.

АМӨЗ 2022-2023 жылдары Перетаска тұрғындары қоныс аударғаннан кейін босатылған, зауыттың батыс жағындағы аумағы 32,9 га аймақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жоспарлап отыр. Аталған аумақ қоқыстан тазартылып, қалған құрылыстар бөлшектеліп, қайта жобалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 2023 жылы тағы 64,4 га аумағына ағаштар мен бұталар отырғызу жоспарланып отыр.

 «Gold Sunray» ЖШС директоры  мәлім еткендей, АМӨЗ санитарлық-қорғау аймағында қарағаш, үйеңкі, тал өседі. Бұл жасыл желектерге күн сайын 70-тен астам адам күтім жасайды.

-Қазақстанның денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 11 қаңтарда бекіткен СҚА-ға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес Атырау МӨЗ барлық санитариялық-қорғау аймағының жалпы алаңының 40% – ын көгалдандыруы тиіс, бүгін біз 30% – дан астамы көгалдандырылғанына көз жеткіздік. Сондықтан біз зауыт атқарған жұмыстарға қанағаттанарлық баға бере аламыз, – деп атап өтті «Атамекен» ҚБ төрағасы Арман Хайруллин. – Біздің бастамашыл топтың мүшелері жасыл желектерді отырғызу және күту кезінде желдің бағытын ескеру қажет деген пікір білдірді, сондай-ақ тікелей Атырау қаласындағы аумақтарды көгалдандыру мәселенін қарастыру туралы ұсыныс білдірді.

Қоғаммен байланыс бөлімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз