Жарнама
Экология

Айналасын таза ұстамағандарға айыппұл салынады

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін атыраулықтарды “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясына белсене қатысуға шақырды.
Ол бүгін Абай орталығында жиын өткізіп, білім беру, балабақша, құқық қорғау органдары секілді өзге де мекеме басшыларына кең көлемді акцияның маңыздылығын түсіндірді. Ал, ауласы тазаланбаған нысандардың иесіне айыппұл салынатынын жеткізді.

ff5d3589 1d96 433a 8e5c e3a2277e84f5



– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде “Таза Қазақстан” акциясы басталды. Баршаңызға белгілі, біздің өңірде көшелерді абаттандыру мәселесі өткір тұр. Сол себепті, акцияға айрықша мән беріп, облыс орталығы аумағының тазалығына атсалысуымыз қажет. Соның аясында “Таза аула”, “Таза мектеп”, “Үлгілі емхана”, “Үздік балабақша”, “Тазалық сақшысы” анықталатын болады, — деген қала әкімі емхана, аурухана, сауда орындары, мектеп, колледж айналасы, газ құбырларының маңын шөптен тазарту, ағаштарды суару, талдарды күтіп ұстау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ол автокөлік жолдары мен жол жиектерінің тазалығын да сынға алды. “Әрине, атқарылған жұмыс жеткілікті. Әсіресе, тасқын кезінде сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қаламыз судан аман қалды. Тәулік бойы істеген жұмыстарыңыз өз жемісін берді. Енді “Таза Қазақстан” акциясына да бір кісідей жұмылуымыз керек”, — деді Шәкір Кейкінұлы.
Жиын барысында белгілі болғандай, жеке тұрғын үйлердің меншік иелеріне іргелес аумақта құрылыс материалдарын, отынды, көң шламын және басқа да жылжымалы заттарды сақтауға жол берілмейді. Бұл
қағида сақталмаған жағдайда ҚР ӘҚБТК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Жеке тұлғаға ескерту немесе 20 АЕК, кәсіпкерлік субьектілеріне 30-дан 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.


Айбөпе САБЫРОВА,
Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button