Экология

Әділ Жұбанов «Tazalyq» экологиялық жобасының іске асу барысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесуде. Осы мақсатта  «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Бұған себеп болған — аймақ тұрғындарының ұзақ уақыттан бері алаңдататын экология мәселесі. Осыған орай мәжілісмен Атырау мұнай газ өндіру зауытына арнайы барып, кәсіпорын ұжымымен кездесті.

Мәжіліс өкіліне АМӨЗ-дің бүгінгі тыныс тіршілігі, өндірістік қызметі және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралары туралы толыққанды ақпарат таныстырылды. Негізгі тақырып «Tazalyq» экологиялық жобасының іске асу барысы, нәтижелері мен туындаған проблемалық мәселелер төңірегінде өрбіді.

Әділ Жұбанов жуырда іске қосылған механикалық тазарту қондырғыларының жұмысына жоғары баға беріп, зауыттан шығатын ағынды суларды Атырау қаласының кәріздік тазарту стансасына жіберуге рұқсат алу мәселесінің оң шешім табатындығына сенім білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button