Жарнама
Экология

Экологиялық мәдениет – болашаққа жауапкершілік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы туралы айта отырып, ел азаматтарының бұл бастаманы тек науқан ретінде емес, қоғамның мәдени және идеологиялық деңгейін көтеруге бағытталған маңызды қадам ретінде қабылдағанын атап өтті. Бұл бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негізделіп, тек көше тазалау емес, табиғатқа деген құрмет пен жауапкершілікті арттыруды мақсат етеді.

Акцияға қатысқан 3,8 миллион адамның белсенділігі мен 1,5 миллион тонна қоқыс жиналып, 3,2 миллион көшеттің отырғызылуы – Қазақстан азаматтарының өз елін өзгертуге дайын екенін көрсетеді. Жас ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыруды білім ордаларында да кеңінен қолға алу қажет деп есептеймін.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы уақыт белдеуі мәселесіне қатысты Үкіметтің шешімін қолдайтынын, бұл тақырыпты талқылаудың ашық әрі жан-жақты жүргізіліп жатқанын айтты. Парламентте ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен тыңдаулар өтуде және бұл мәселе бойынша 1 наурызға дейін толық зерттеулер жасалып, ортақ шешім қабылданатынына сенімді екенін білдірді.

Абзал ШОҚАН,

Қарабау орта мектебінің директоры

Қызылқоға ауданы

Сурет: newqazaq.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button