Жарнама
Экология

Эко-цифрлық платформасы арқылы 7061 өтінім орындалды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қолға алынды. Іс-шара елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыруға, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Аталған жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, қалыпты экологиялық болашақтың негізін қалады.
Наурыз-қараша айлары ара¬лығында акция 5,83 миллионнан аса адамды біріктірді, бұл ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында бұқаралық сенбіліктер өткізілді, оның барысында 1,159 мың тоннадан аса қоқыс жиналып, 1,609 мыңнан аса ағаш отырғызылды.
Жобаның ерекше бір же¬тістігі азаматтарға экология саласындағы проблемалар туралы хабарлауға, оларды шешуге қатысуға мүмкіндік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасын құру болды.
Бір жыл ішінде чатбот арқылы 7 929 өтінім түсті. Оның ішінде – 7 061 өтінім орындалды, 168 өтінім орындалу үстінде, 23 өтінім қаралып жатыр, 674 өтінім кері қайтарылды. Ең жиі жасалған өтінімдер: аумақтарды жинау – 2 142 өтінім, тұрмыстық қоқыстарды шығару – 668 өтінім, көшелерді абаттандыру – 648 өтінім, жолдарды жөндеу – 595 өтінім. Чатбот экологиялық мәселелерді жедел шешуге ықпал ете отырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтың тиімді құралына айналды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button