Енді Жайықтан балық аулауға болмай ма? (+видео)

56bf789ed30bb3.00636472 Жаңалықтар

Мұз қатуына байланысты Жайық және Қиғаш өзендерінде тыйым салынған тәсілмен балық аулау фактілері жиілеп кетті.

            Атап айтқанда, шағын иіргіш, теңгергіш (балансир) деп аталатын қысқы балық аулау құралымен – «Багрения» тәсілі арқылы аулау жағдайы көбейіп тұр. Балық аулаудың бұл әдісі заңсыз болып табылады және балық ресурстарына балық тектес (мормышка) орналасқан ілмектермен зиян келтіреді.

            Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы – балық қорғау инспекциясы балық аулау қағидалары және жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар туралы нормативтік актілеріне сүйене отырып, әуесқой балықшыларды қысқы кезеңде осындай заңсыздықтарға жол бермеуге шақырады. Барлық осындай заң бұзушылықтарды балық қорғау инспекторлары бейнежазбаға тіркеп, кейіннен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады. Нәтижесінде, тәртіптік жауапкершілікке шақырылып, заңдылықты бұзғандардың әрқайсысы  әкімшілік жазалау шарасы 30630 теңге сомасында айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Сондай-ақ, қысқы уақытта әуесқой балықшылардың ені 12 миллиметрден асатын  ілмектерді қолданып, көпірлердің маңында балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Қалған ережелер өзгеріссіз қалады – бір балық аулаушыға 5 ілмек және 5 кг балық аулау, бұл ретте түнгі уақытта және сейсенбі мен сәрсенбіде, бұрын тыйым салынған күндерде балық аулауға рұқсат етіледі.

Қысқы балық аулаудың тәртібін қатаң сақтап, заңды талапты орындағандардың ғана олжасы өздеріне бұйырып, ешқандай жазаға тартылмайтынын тағы бір мәрте ескерткіміз келеді.

Олег ТУШКАНОВ,

аумақтық инспекцияның балық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз