Жарнама
Экономика

Жылу да, жарық та бәріне жетеді

Аймақтағы тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қаматамасыз ететін басты кәсіпорындарда 2018-2019 жылдардың күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық шаралары бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы республикалық атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің бөлім басшысы Жасұлан Айтқазиев мәлімдеді.

20161228143245

Осылайша, «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамында жоспарланған 26 іс-шараның толықтай орындалысы қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, №№ 2 және 11 қазандық агрегаттары, сондай-ақ, №№ 5 және 6  турбогенераторлар күрделі жөндеуден өткізілген. Ал, № 12 турбогенераторға жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта №4 турбоагрегат пен №9 қазандық агрегаты стансаларын жаңғырту жұмыстары тиянақтала келген.

Сол сияқты, «Атырау Жарық» акционерлік қоғамында биылғы жылдың сәуір айында басталған қысқа әзірлік жұмыстары да ойдағыдай атқарылуда. Нақтылай кетсек, қала аумағындағы жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын «ВЛ-110кВ» 237, 8 және 170 шақырымдық «ВЛ-35 кВ» электр қуатын тасымалдайтын әуе  желілері күрделі жөндеумен қамтылған. Одан бөлек, республикалық «KEGOC» компаниясының Атырау филиалында 107 шақырым жоғары кернеулі әуе электр желісі мен негізгі жабдықтар да күрделі жөнделген. Мұның сыртында, жоғарыда аталған кәсіпорындардың әрқайсысында қабылданған инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жоспарланып, жүзеге асырылып жатқан кешенді іс-шаралар да баршылық. Сайып келгенде, бұның бәрі де орынсыз шығын мен ысырапты мейлінше азайтып,табысты көбейтуге, тиімділік пен үнемділікті арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Солай болатындығы тәжірибеде дәлелденіп те жүр.

Қалай дегенде де қарекет қылмаған жерде берекеттің де болмайтыны  белгілі. Осы тұрғыда, халыққа коммуналдық қызмет көрсететінмонополист мекемелердің өз мүмкіндіктері шеңберінде жұмыс жасап жатқандықтарына қарамастан, шұғыл шешімін күткен проблемалардың қордаланып қалғанын да айтқанымыз ләзім.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button