Болашаққа аманат

Bolasha a amanat Экономика

Теңгенің 25 жылдығына орай Ұлттық банктің Атырау филиалында ерекше шара өтті. Ғимараттың ауласында уақыт капсуласы салынған мрамор ескерткіш орнатылды. Арнайы құтыда болашақ ұрпаққа жолдау, қатысушылардың суреті бар. Ол 25 жылдан соң 2043 жылы ашылады.

Болашаққа аманат

– Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі – ұлттық валютасы. Сонымен бірге, кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді, – дейді банк саласының ардагері, 1993 жылы Ұлттық банктің облыстық басқармасына басшылық еткен Болат Ысқақов.

Капсула салу рәсімінде Ұлттық банк Атырау филиалының директоры Бақыт Когулов, «Kaspi Bank» АҚ Атырау филиалының директоры Жанат Сәрсенбеков, теңгенің құрдастары – банк қызметкерлері сөз сөйлеп, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз