Жарнама
Экономика

Жұмысшы мамандығы – қоғамның тірегі

Қоғам дамуының негізі – адал еңбек. Ал сол еңбекті жасап жүрген негізгі күш – жұмысшы мамандар. Құрылысшы, дәнекерлеуші, электрик, слесарь, жүргізуші сынды қарапайым еңбек адамдары күнделікті тіршіліктің басты тетігіне айналған. Оларсыз зауыттар мен фабрикалар тоқтап, үйлер салынбай, жолдар жөнделмей, инфрақұрылым дамымай қалады.

 Жұмысшы мамандығы – тек ауыр физикалық күш емес, бұл – біліктілік пен кәсібилік, жауапкершілік пен тиянақтылықтың көрінісі. Қазіргі таңда кез келген өндіріс ошағында, құрылыс алаңында немесе көлік қызметінде заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтар қолданылады. Бұл техникаларды меңгеру – әр жұмысшыдан жоғары білім мен дағдыны талап етеді.

Сондықтан да еңбек нарығында білікті жұмысшы кадрларға сұраныс ешқашан бәсеңдеген емес. Ел экономикасының ілгерілеуі де дәл осы мамандардың тынымсыз еңбегіне тікелей байланысты.

Мемлекет тарапынан техникалық және кәсіптік білімге қолдау көрсетіліп, жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру – маңызды міндеттердің бірі. Жастар арасында осы мамандықтарды насихаттап, еңбек адамына деген құрметті күшейту – болашақ табысты қоғамның кепілі болмақ.

Сәбит Халенов,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button