Президент облыс және ауданішілік жолдарды салуды тапсырды

50940451 626225911145412 6681577109380399104 n Экономика

2020 жылдан бастап облысішілік, ауданішілік жолдарды салу мәселесіне жіті назар аудару қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

50940451 626225911145412 6681577109380399104 n

Отырыста ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Орталық-Оңтүстік, Орталық-Батыс, Орталық-Шығыс жолдарындағы құрылыс жұмыстары 2020 жылы толығымен аяқталатындығын айтқан еді. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірден облысішілік, ауданішілік жолдарды салуға ойысу керектігін ескертті.

«Бұл ең басты мәселе. Адамның үйіне дейін жеткенді жол деп есептейміз. Жалпы, жол еліміз үшін, экономикамыз үшін өте маңызды», – деді ҚР Президенті.

Жеңіс Қасымбек ҚР Президентінің өңіраралық инфрақұрылымды жүйелі дамыту тапсырмасын орындау мақсатында өткен жылдан бастап жергілікті жол желілерін жөндеуді қаржыландыру тепе-теңдік негізде 2 есе ұлғайтылып, 150 млрд теңгеге дейін жеткізілгенін айтты.

«2025 жылға қарай жергілікті жолдардың 85 пайыз жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болады деп күтілуде», – деді министр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз