Жарнама
Экономика

Жергілікті өнімге сұраныс көп

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзімен танысып, біраз ой түйдім. Жеке кәсіпкер ретінде мені ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асатын жобалар көбірек қызықтырды.

Сондай-ақ бұл форум елімізде тың игеру науқаны басталғанына 70 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр. Сол науқанның түрлі салдары болғанын білесіздер. Соған қарамастан ауыл шаруашылығында көптеген оң өзгеріс жасалды. Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі ең астықты елдің біріне айналды. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарды, елді мекендер салынды. Мен бүгін алғашқы тыңгерлердің және олардың ізін басқан диқандарымыздың еңбегін ерекше атап өткім келеді.

“Биыл түрлі қиындыққа қарамастан, қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шын мәнінде диқандарымыз тамаша нәтижеге жетіп отыр”,-деді Президент.
Рас, биылғы көктемгі су тасқыны кезінде егістік алқабы мен жайылымдық жер су астында қалып, шаруагерлер біраз қиналды. Соған қарамастан, еңбекқор диқандарымыздың арқасында өзіміздің жергілікті өнімді алып үлгердік.
Сауда-саттық, қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жатқандықтан, тұтынушылардың отандық өнімге сұранысы жоғары екенін жақсы білемін. Сондықтан, “Еңбек етсең, емерсің” дегендей, барлық бизнес иелеріне жергілікті өнім өндірісіне белсендірек атсалысайық дегім келеді.

Асылбек ҚАДЫРБАЕВ,
жеке кәсіпкер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button