Жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдау тоқтатылды

20190213111616 Экономика

Еуразия банк, Халық банкі және Банк ЦентрКредит жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдауды тоқтатты. Оған мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының жоқтығы себеп болды.

«Барлығы 9 мыңға жуық өтініш қабылданды. Біздің банкте өтініштерді қабылдауды қайта бастаудың нақты мерзімі әлі белгісіз» деп атап өтті Еуразия банкінің баспасөз қызметі.

Банк басшылары өтініштер лимиті таусылғанын хабарлады. Сонымен қатар, ranking.kz сайтының мәліметінше, маусым айының басында 24,19 мың өтініш қабылданып, оның 9,84 мыңы 72,7 млрд теңгеге мақұлданған. Бағдарлама аясында қазақстандықтарға барлығы 1618 автокөлік берілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз