Атырау облысында кәсіпорындар 9 млрд теңгеден астам соманың тауарын өндірді

88877 Экономика

Биыл қаңтар-қазан айлары бойынша Атырау облысының өнеркәсіп орындарымен 9 млрд 135 млн 800 мың теңге сомасына тауар өндіріліп, қызмет көрсетілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Өнеркәсіп өндірісінің индексі 114,1% құрады. Жалпы республикалық көлемде Атырау облысының үлесі – 24%. Өңірімізде өнеркәсіптің үлес салмағында едәуір орын алатын секциялар тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу.  Аталған сала үлесі 92,4%, – деді Н.Құмарғалиев.

Сондай-ақ оның айтуынша, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 114,6% құраған. Бұл саланың басым бөлігін шикі мұнай және табиғи газ өндіру – 97%, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 1,2%. 

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі 6,2%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау қызметі 0,9%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 0,5% құрап отыр.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз