ЖАС ЖҮРЕКТЕР ЛҮПІЛІ
Жас таланттар Шопан Шыңғысов, Нұрислам Құспанғали және журналист Бауыржан Сисеновтің өлең-жыр, тарихи зерттеу еңбектерге құралған кітаптарының тұсау кесу кешіне сағыздықтар көп жиналды.
Қабілеттерімен назарға іліккен қаламгерлердің еңбектерімен таныстырсақ, Ш.Шыңғысовтың өлеңдер жинағы «Сағындым…Сағынбадым», Н.Құспанғалидың кітабы «Қарашадағы өлең», Б.Сисеновтің шығармасы «Тарих тағылымдары» деп аталады. Туындыларды Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабайұлы таныстырды. Одан әрі Мәдениет қайраткері Әбілхан Төлеуішов, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бекнұр Әжіғалиев, Сағыз селолық округі әкімінің орынбасары Нұралы Әбишан, «Маңғыстау» облыстық газетінің өкілі Айнахан Есет, ардагер-ұстаз Амангелді Сәрсенбаев және басқалар жас қаламгерлерге жүрекжарды лебіздерін арнады.
Сондай-ақ, Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі мен Кенбай орта мектебінің шәкірттері жас ақындардың өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты.
Жолдас ЖАНҚУАТ,
Қызылқоға ауданы.