Жарнама
Экономика

Жанармайдан тапшылық болмайды

Биылғы жылдың алғашқы жартысында Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделген «қара алтынның» көлемі 2,9 млн. тоннаға жуықтады. Мұндағы мұнай өңдеудің тереңдігі — 88,7%, ал түсті мұнай өнімдерінің үлесі — 77,29%.

Атап өтер жайт, осы жылдың мамыр айынан бастап мұнайды өңдеу тарифі тоннасына 54 450 теңгеден 47 000 теңгеге дейін төмендеді. Мұндай шешімге несиелік міндеттемелерді өтеу кестесін оңтайландыру есебінен қол жеткізілді. Бұл, өз кезегінде, барлық нарық қатысушылары үшін бірдей экономикалық жағдайды қалыптастырады.

Мамандардың мәліметінше, бүгінгі таңда елімізді жоғары сұранысқа ие АИ-95 маркалы бензинмен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ұдайы бақылауында. Қазіргі уақытта аталған маркадағы жанармайдың қолдағы қоры 67 мың тоннаны құрап отыр.

Айта кету керек, шілде айында жанармай тұтыну көлемі 18%-ға ұлғайса, сәйкесінше, тамызда да осындай өсім болады деп болжанып отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылығының мәлімдеуінше, бензин тұтыну көлеміндегі өзгерістерге қарамастан, жанармай тапшылығы болмайды.

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button