Жарнама
Экономика

ЖАҢАДАН ІС БАСТАҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ, ОНДА…

 

— Жаңа жылдан бастап алғаш рет «Стартап Атырау – 2016» жобасы бастау алды. Бірінші кезеңде – бүкіл облыстан өтінімдер қабылданады. Жүзеге асыру үшін дайын жобалар түрінде 20 өтінім іріктеліп алынады. Олардың авторлары ментор мен бизнес-тренерге ие болады. Бұдан басқа, жаңа іс бастаған кәсіпкерлер екі күндік семинардан өтіп, бизнесті жүргізу мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы қажетті білім алады. Кейін үздік деп танылған жобаларды инвесторлар қаржыландырады.

– Мақсат – бір-біріне мүдделі тараптарды табыстыру, — дейді аталған  серіктестік директорының орынбасары Әділбек Таңкиев. – Өз қаржыларын инвестициялау үшін жоба алған бизнесмендер оны дамытуға материалдық түрде мүдделі болады. Өйткені, олардың үлесі қожайынмен арадағы келісім бойынша 49 пайызға дейін жетуі мүмкін. Сөйтіп, қазір айналым қаржыларын дамытуға қаражат салса, кейін одан табыс табады.

Өтінімдер қабылдау қаңтар айының соңына дейін жалғасады. Құжаттар Оңтүстік өнеркәсіптік аймақ-1, Ақан сері көшесі, 4 мекен-жайы бойынша қабылданады. Қабылдау шарты мен қажетті құжаттар тізімін 58-63-32 телефоны арқылы немесе startup.atyrau@gmail.com электронды мекен-жайы бойынша нақтылап алуға болады.

А.ШАМАР.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button