Зейнет жасына байланысты ШҰҒЫЛ МӘЛІМДЕМЕ жасады

1586781049 5445455 1 Экономика

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде бізге түскен барлық ұсыныс, оның ішінде зейнет жасын төмендету, әлеуметтік кодекске өзгерту енгізу мәселелері талқыланып жатыр. Аталған мәселе бойынша жұмыс тобы құрылды, – деді Ералы Тоғжанов Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ ол премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнет жасын төмендету мәселесіне жауап бермейтінін айтты.

Ерұлан Жамаубаев басқа мәселелерге жауап береді. Ол вице-премьер-министр ретінде аталған сұраққа жауап бере алмайды. Бұл мәселенің маған қатысы бар. Сондықтан талқылап жатырмыз, – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз