Жарнама
Экономика

Заңсыз активтерді қайтарудан түскен қаржы ұлттық құндылықтарға да жұмсалуы керек

Депутат ұлттық «Қазақстан халқына» қоры мен мемлекетке қайтарылатын активтерден түскен қаржы әлеуметтік жобаларды ғана емес, ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жобаларды да қаржыландыруы тиіс. Сенатор Нұртөре Жүсіп депутаттық сауалында осындай ұсыныс айтты.

 құндылықтарды ілгерілету жөнінде Сенатта айтарлықтай жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы мақсатта Сенатта соңғы екі жылда, 2 парламенттік тыңдау, 3 дөңгелек үстел, 3 кездесу, 3 комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді. Сонымен қатар, дәстүрлі мәдениетке, төл тарихымызға, отбасы институтын нығайтуға, бұқаралық ақпарат құралдарындағы идеологиялық ағартушылықты күшейтуге қатысты 10 депутаттық сауал жолданды. Осылайша, Сенат депутаттары елдің рухани құндылықтарын сақтауды бірінші орынға қоюға мүдделі екендігін көрсетіп келеді. Алайда, Үкімет Сенаттың ұсынымдарына тек бірыңғай сырғытпа жауап беріп келеді. Берілген ұсынымдар ескеріле бермейді. Сонда біз бұл мәселелерді қашанғы сөз ете береміз? Мәселен, «Интернет желілерде және еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық руханиятқа жат, теріс құндылықтарды дәріптейтін ақпараттарға тұрақты түрде талдамалық шолу жасап, Ұлттық баяндама әзірлеу және оны мемлекеттік басқару институттарына жолдау» жөніндегі ұсыным назардан мүлдем тыс қалды, — деді сенатор.

Сенатор Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы барысында біздің ұлттық құндылықтарымызды дамытуға және насихаттауға қабілетті креативті индустрияны дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Депутат жақында Сенат қабырғасында «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өткенін, онда да осы мәселелер жан-жақты талқыланғанын еске салды. Сенатор сөзінің соңында Сенаттың жоғарыда көрсетілген ұсынымдарының іске асуын жан-жақты талдау үшін Үкімет басшысынан Палатаның отырысына жауапты вице-премьерді жіберуді сұрады.

24.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button