Жарнама
Экономика

ЗАМАНАУИ ТОҚЫМА ФАБРИКАСЫ

 

Жаңадан іске қосылған жүн өңдеу және тоқыма фабрикасы қолжетімді әрі сапалы тауар өндіріп қана қоймай, өңірдегі мал шаруашылығы саласының да басты проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Облыста жарты миллионнан астам қой және 32 мың түйе бар. Осы екі түліктің жүнін ешкім қабылдамайтындықтан, бүгінге дейін тау-тау болып үйіліп текке жататын. Енді, міне, кәдеге аса бастады. Жылына 350 тонна қой және 100 тонна түйе жүнін толықтай өңдеп, дайын матаға айналдырушы тоқыма фабрикасы бүкіл батыс аймақтардың шикізатын қабылдамақ ниетте. Кәсіпорын итальяндық технология негізінде жұмыс істейді.

Біздің өндірістік қондырғылар барлық халықаралық талаптарға жауап береді. Жүнді жуудан бастап дайын матаға айналдыруға дейінгі жүйе  барынша автоматтандырылған. Фабрика толық жабдықталып, қазақстандық мамандардың басқаруына берілуде. Өнімге бірінші болып сұраныс берушілер – итальяндық кәсіпорындар. Шетелдіктер тарапынан, әсіресе, түйе жүнінен тоқылатын маталарға мол  тапсырыс түсіп отыр. Сондай-ақ, көрпе, жамылғы секілді дайын тауарға да қызығушылық басым.

Мұндағы қондырғылармен өнімнің түр-түрін шығаруға болады. Әзірге жүнді кешенді өңдеп, одан мата тоқу ісінен бастап жатырмыз. Одан кейін дайын өнімдер өндіруге кірісеміз. Бастапқы жоспар бойынша тоқыма фабрикасында жылына 400 мың қума метр немесе бір миллион шаршы метрге жуық мата өндірілетін болады. Қазір жаңа кәсіпорында 90 адам еңбек етіп жатыр. Оның ішінде жұмысы күрделі цехтарда істейтін жас мамандар Италияда біліктіліктерін арттырып келді.

Сәуле  ТаЙбозова, жүн  өңдеу  және  тоқыма фабрикасының  технологы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button