Бүлдіршіндер байқауы

 «Сән әлемі» және «Vero Models» сән агенттіктерінің ұйымдастыруымен «Fashion House International Kazakhstan (Atyrau) – 2016» халықаралық байқауының іріктеу кезеңі өтті. 

 Халықаралық байқау АҚШ, Мәскеу елдерінен бастау алып, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып жүр. Бұл сайыс Атырау жеріндегі талантты өнерпаздардың жұлдызын жағарына сенеміз» дейді ұйымдастырушылар. Таныстыру бөлімінен кейін қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Көрермен назарын аударып, ерекше әсер қалдырғаны – ұлттық киімдер көрсетілімі болды. Қатысушылар шығармашылық таланттарын да паш етіп, эстрадалық және халық әндерін орындады, заманауи билерді ортаға салды. Әділқазылар алқасы кішкентай балапандардың үлкен ынта-ықыласына дән риза болды. Бүлдіршіндер арасынан ең жас қатынасушы Дильназ Аманқосқызы «Little Miss Atyrau – 2016» атағын жеңіп алды. Ал, «Mini Miss Atyrau – 2016» номинациясы Кәусар Ерсайынға табысталды. Одан әрі сайыс «Little/Mini/Teen/Young Photomodel International Atyrau – 2016» байқауы бойынша жалғасты. Бұл сайыста әр қатысушының суреті led экранда көрсетіліп, көрермендер «instagram» желісі арқылы онлайн режімде дауыс берді. Байқау қорытындысы бойынша: Әсем Адайбекова, Эльназ Нәжімова, Арайлым Қуанышева жеңімпаз деп танылып, Эльназ Нәжімова «BEST SPORTS MODEL Kazakhstan (Atyrau) – 2016» атанды.

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ.

Суреттерді түсірген: Райымбек ОҢАЙБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз