Жарнама
Экономика

ЫНТЫМАҚТЫ ІС ЫРЫС ӘКЕЛЕДІ

Қазақстан үшін Еуразиялық Экономикалық Одақтың құрылуынан негізінен күтілетін жақсылық көп. Жалпы 170 млн. нарыққа қол жеткізу есебінен экономиканы жаңғырту мүмкіншілігі күтілуде. Бұл мүмкіншілік Қазақстанның экономикасын жаңғыртуға, инвестициялық тартымдылығының күшеюіне және өнеркәсіптің өңдеу секторына салынған инвестициялардың өсуіне ықпал етеді. 

Бастаманың біріктірілуі өзінің алғашқы жемісін әкелуде – Кедендік одақ бойынша серіктестіктер қарым-қатынасына инвестициялық белсенділік өсуде. Кедеңдік одақ елдерінің Қазақстанға салған инвестицияларының жалпы көлемі де өсуде. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіне салынған шетел инвестицияларының ағымы өзінің рекордты деңгейіне жетті. Бұл экономиканы жаңғырту және оны шикізаттық бағыттан алшақтату үшін Қазақстанның дамуына қажет салалары болып табылады.
Қатысушы елдердің экономикалық интеграциясы ЕЭО ішінде тек қана тауарлардың емес, сонымен қатар қызмет көрсетулердің, капитал және жұмыс күшінің қозғалуына шектеулікті жою арқасында жеке сектор субъектілері үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Біріккен нарықты қолдаудың қосымша құралдары импортты ырықтандыру (либерализациясы) болып табылады, бұл ішкі нарықтағы бәсекелестікті нығайтуға және шетел компаниялары тарапынан артық бәсекелестіктен қорғауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, бизнесті жүргізу үшін тең жағдайларды енгізу есебінен ЕЭО-ның ортақ нарығында «дұрыс» бәсекелестікті ынталандырады.
Осыған байланысты, Қазақстанның Ресей Федерациясы және Белоруссиямен экономикалық интеграциясы Атырау облысының экономикасын әрі қарай дамыту үшін маңызды рөл атқарады. Стратегиялық маңызды серіктестермен интеграциялаудан атыраулық кәсіпкерлер арзан шикізаттарға, тартымды өткізу нарығына тікелей қол жеткізеді, бұл экономиканың әртүрлі салаларын ынталандырады және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Атырау облысының қолайлы географиялық орналасуын ескере отырып (Каспий теңізіне шығу, Еуропа және Ресейдің жақындығы), шетелдік инвесторларға өздерінің өнімдерін өткізу үшін кең мүмкіндіктер ашады.
Атырау облысы перспективалы облыстардың бірі болып табылатынын атап өту қажет. Және бұл әбден қисынды, себебі Атырау облысы мұнай және газдың, сонымен қатар әртүрлі пайдалы қазбалардың ірі қорларына бай. Мұнай және газ еліміздің экономикасының дамуының басты құрылымы болып табылатындығын ескере отырып, ЕЭО-қа кіру Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсарту үшін үлкен мүмкіндік береді, бұл ретте Атырау облысының рөлі өте үлкен.
ЕЭО құрылуы облыс аумағындағы өңдеу өнеркәсібінің келесідей жоғары технологиялық салаларында жаңа біріккен кәсіпорындардың ірі кластерінің құрылуына алып келеді: машиналар мен жабдықтарды, электрлік және электрондық, транспорттық жабдықтарды өндіру, құрылыс материалдарын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Сонымен қатар, ЕЭО балық шаруашылығында біріккен жобаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Интеграциялық процестер біріккен ғылыми-техникалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде Атырау облысына жоғары сапалы технологияларды енгізуге елеулі фактор болып табылады. Бұдан басқа, өңірдегі индустриялық-инновациялық кешеннің салаларын дамытуды жеделдету үшін алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялық трансферттер бойынша жаңа мүмкіндіктер ашылады. Бұл бәсекеге қабілетті және жоғары сапалы өнімдерді шығаруға әкеледі. Өз кезегінде, бұл сыртқы нарықтарға үлкен жол ашып, еңбек өнімділігін арттырады және талап етілетін өндірістерді күшейтуге анықтаушы фактор болып табылады.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамытуға үлкен назар аударылуда. Кедендік, сауда және техникалық кедергілерді жою тек қана АӨК саласындағы шығындарын төмендету емес, сонымен қатар агроөнеркәсібі кәсіпорындары арасында сауда айналымының өсуіне жағымды әсер етеді.
Әрине, әзірге Қазақстанның ЕЭО-қа кіруінің нәтижесі және жемісі қандай болатынын нақты болжау мүмкін емес… Елдердің өңірлік экономикалық интеграция шеңберінде алға жылжуын тек қана уақыт көрсетеді. Халықаралық тәжі-рибеде бұл жолды әркім түрліше өтеді. Қазіргі кезде еуразиялық интеграция бұл бізге өңірлік ынтымақтастық шеңберінде экономикалық әлеуетті ұлғайту қажеттілігімен түсіндірілетінін айтуға болады.

Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВА,
Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму
басқармасы басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button