Жарнама
Экономика

Wika неміс компаниясының Атыраудағы бөлімшесі шығаратын өнімдерге сұраныс артуда

Сұраныстың артуына байланысты өндіріс қуатын 3 есеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Wika компаниясының ТМД бойынша аға вице-президенті Энвер Шульгин айтты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 2668
Screenshot

Зауытта бақылау-өлшеу аспаптары, электронды температура датчиктері және манометрлер жасалады. Жыл сайын 50 милионнан аса құрылғы шығарылады.

-Біз неміс компаниясының өкілі болғандықтан сапаны бірінші орынға қоямыз. Жақында ISO 911 сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алдық. Және біз ірі компаниялардың аудитінен өтіп, мақұлданған мердігерлер тізіміне кірудеміз, — деді сапа бөлімінің басшысы Диляра Сәтпаева.

img 2670
Screenshot

Әлемдік көшбасшы саналатын бұл компания 75 жылдан бері мұнай-газ-химия, машина, тамақ жасау және фармацевтика салаларына қажетті бақылау-өлшеу құрылғыларын жасайды.

-Біздің компанияның өндіріс мекемесі Атырау қаласынан ашылмас бұрын мұндағы ең ірі тапсырыс берушілерден тұрақты сұраныстарды алдық және соған сәйкес жұмыс жасап келеміз. Біздің өнімдерді TCO, NCOC және KPO сынды компаниялар пайдаланады. Осы маңызды тапсырыс берушілердің талаптарын орындауға тырысудамыз. Біз локализацияны ғана емес, сонымен қатар Wika компаниясының 75 жылдық тәжірибесі мен білімін әкелдік,- деді Wika компаниясының ТМД бойынша аға вице-президенті Энвер Шульгин.

Айта кетейік, компания Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университетімен меморандумға отырған. Бүгінде жоғары оқу орнының студенттері бұл жерден өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button