ВАЛЮТА НАРЫҒЫНДАҒЫ САЯСАТ ӨЗГЕРМЕЙДІ

Соңғы кезде Ұлттық Банкі төрағасының ауысуына байланысты еліміздегі валюта нарығындағы саясатының өзгеруі туралы түрлі ақпарат пайда болды. Осыған байланысты Ұлттық Банк баспасөз баянында мынадай мәлімдеме жасап отыр.
– Қайрат Келімбетовті Ұлттық Банк төрағасы етіп тағайындаған сәтте Мемлекет Басшысы Ұлттық Банк саясатының өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Тиісінше, банк жүргізіп жатқан ақша-кредит саясаты сақталады,-делініпті ресми хабарламада.
Тағы бір белгілі болғаны, банк ұлттық валютаның айырбастау бағамына да қатысты бұрынғы саясатын жүргізе бермек.

Ұлттық валютаны айырбастаудың ұзақ мерзімді үрдісін айқындайтын іргелі факторлар айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған. Жуырда валюта нарығында байқалған ахуал Ұлттық банк басшылығының ауысуы аясында болған айырбастау бағамының техникалық түзетуі қысқа сипаттағы жағдай еді. 
Мамандардың пікірінше, қазіргі уақытта валюта нарығындағы ахуал тұрақты күйде, банк өз тарапынан үнемі мониторинг жүргізіп отырмақ.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз