Жарнама
Экономика

Ұлттық қор табысы 4,7 млрд доллар болды

Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бері 7,4%-ке өсіп, маусым айынгың соңында 112,3 млрд доллар болды. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында хабарлады.

Ол Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан бері 52 млрд долларға дейін яғни 13,5%-ке ұлғайғанын атап өтті.

Ұлттық қордың активтері жыл басынан 2,6%-ке ұлғайып, 60,3 млрд долларды құрады.

«Ұлттық қорға түсетін түсімдер жыл басынан 1,8 трлн теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт көлемі 3,1 трлн теңге болды. Ұлттық қордың 6 айдағы инвестициялық табысы 7,8% немесе 4,7 млрд доллар құрағанын атап өту қажет»,
— деді Тимур Сүлейменов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button