Жарнама
ЭкономикаСаясат

Ұлт мақтанышы – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА

ЖЫЛ САЙЫН 15 ҚАРАША – ҰЛТТЫҚ ВА- ЛЮТА – ТЕҢГЕ КҮНІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ РЕТІНДЕ АТАП ӨТІЛЕДІ. ОСЫҒАН ОРАЙ, БІЗ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ НАРИМАН ТАУШОВҚА АЙМАҚТЫҢ ҚАРЖЫ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖӨНІНДЕ БІРНЕШЕ СҰРАҚ ҚОЙҒАНБЫЗ.

– Нариман Бақытұлы, Ұлттық валютаны айналымға енгізу жұмыстары қалай ұйымдастырылды?

– Осыдан тура 28 жыл бұрын, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ал, 15 қараша күні Ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Осылайша, қазақ даласының ұлы тұлғалары Əл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Əбілқайыр, Абылайхандар бейнелен- ген алғашқы банкноттардың айналымға түскені шын тəуелсіздіктің көрінісі болды.

Бұл егемен елдің тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірінен санала- ды. Сол кезде бұл Тəуелсіздікті нығайту жолындағы түбегейлі əлеуметтік- экономикалық реформаларды жүргізу үшін аса қажетті қадам еді.

Президент Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша – төл валюта күні, əрі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кəсіби мерекесі болып белгіленіп, аталып өтіп келеді. Қаржыгер мамандығының қаншалықты маңызды екені баршаға мəлім. Ол – жоғары    И жауапкершілік пен терең біліктілікті талап ететін жауапты қызмет, мəртебелі мамандық.

Өткен кезең Ұлттық валютаның елдің дамуы мен өркендеуі үшін қаншалықты маңызды екенін дəлелдеді. Егемендігін енді ғана еншілеген кезде елде қаржы, банк жүйелерінің дербестігі болған жоқ. Сол себепті, сыртқы экономикалық бай- ланыстарды орнатудың да мүмкіндіктері шектеулі еді. Ақшаның құнсыздануы жиі қайталанып, тауардың тұтыну бағалары елде шарықтап өсті. Инфляция деңгейі үш мың пайыз шамасын (2960%) құрады. Осындай жағдайда бірінші кезекте тəуелсіз ақша-қаражат саясатын қалыптастыру, банк жүйесін құру жəне осыған байланы- сты Ұлттық валютаны қолданысқа енгізу қажеттігі туындады.

Оған қосымша ақша-қаражат мəселесіне байланысты бұрын-соңды болмаған жаңа инфрақұрылымдар – банкноттық фабрика, монета сарайы, валюта жəне құнды металдарды сақтау қоймалары, электронды биржа, дер- бес төлем жəне есеп айырысу жүйелері қалыптасты.

Теңгенің айналымға енуі осындай кесімді, нақты жəне терең білікті шешімдердің қабылдануына септігін тигізді.

– Теңгенің елдің әлеуметтік- экономикалық дамуындағы ролі қаншалықты?

– Осы жылдар ішінде елде екі деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Инфляция деңгейі құрықталып, экономикалық өсім қамтамасыз етілді. Қаржы жүйесі жоғары деңгейде халықаралық талаптарға сəйкес дамыды. Жүйелі жүргізілген ақша-кредит саясаты шетелдік те, отандық та инвесторлар тарапынан аймақ экономикасының нақты секторына ұзақ мерзімді жəне ірі көлемдегі инвестициялар салу үшін тартымды ахуал қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Мысалы, облыс кəсіпорындарының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 2000-2021 жылдар аралығында 27 есеге өсіп, 3 триллион 179 миллиард теңгеге дейін жетті. Осы кезеңде өнеркəсіп өнімін өндіру көлемі ұлғайып, 5 триллион 772 миллиард теңге болды.

Теңгенің бағасын күшейтетін де, құлдырауына əсер ететін де факторлар арнайы құрылымдар мен сарапшылар тарапынан талданып, бақылауда ұсталады. Мұндай факторлардың қатарына ішкі өндірістің өркендеуі, мұнай бағасының өсуі, көршілес Ресей елінің экономикасындағы түбегейлі өзгерістер жəне басқаларын атауға болады. Одан бөлек, қазіргідей қысылтаяң шақта жалпы өнеркəсіп саласында, əсіресе кəсіпкерлік саласындағы өндіріс пен қызмет көрсету көрсеткіштерінің төмендеп кетуі де бұған зор ықпал етіп отырғаны шындық.

– Теңгенің қазіргі нарқы, бағамы мен тұрақтылығы жайында не айтар едіңіз?

– Қазір теңгенің төлем қабілетін қамтамасыз етіп, тұрақтандыру жөнінде облыс көлемінде де нақты шаралар жүзеге асып жатыр. Азық-түлік қорын құру, жергілікті тауар өндірушілерді жан-жақты қолдау, көтерме-бөлшек сауда желісін дамыту мақсатында базарлар жүйесін кеңейту, жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын жəне орта бизнесті қаржыландыру сияқты жұмыстар жасалды. Маусымдық инфляцияның төмендеуіне осы арқылы елеулі ықпал еттік.

Елдегі құндылықтарды есептеп, жинақтау, өңдеу құралы ретінде теңгенің

маңыздылығы жылдан жылға артып келе жатқаны даусыз. Халықтың теңгеге де- ген оң көзқарасы қалыптасты, Ұлттық валютаға деген сенім нығайды. Банктерде теңгелік салымдар мөлшерінің бірнеше есе өсіп, оған қарағанда шетелдік валюта салымдарының айтарлықтай кемігені бұған дəлел.

Бүгінде облыста екінші деңгейлі банктердің 17 филиалы, 62 бөлімшесі клиенттерге қызмет көрсетіп, жұмысын жүйелі жүргізуде. Тұтастай алғанда, халықты банк қызметімен қамту бойынша өөзге өңірлермен салыстырғанда Атырау үздік көрсеткіштерге ие болып отыр.

– Теңгенің Ұлттық валюта ретіндегі артықшылығы, болашағы қандай?

– Атырау облысы – серпінді дамып келе жатқан аймақ. Республиканың өнеркəсіп өнімінің 22%-ын біздің об- лыс өндіреді. Мұнда еліміздегі барлық инвестицияның үштен бірі тартылады. 2020 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 7 трлн. 738 млрд. теңгені құрады. Осының өзі-ақ экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Ұлттық банкпен бірлесе жүргізіліп отырған ақша-несие саясатының оң нəтижесі деп санаймын.

Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, қаржыны мемлекеттік басқару, салық жəне қазынашылық жүйесінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. 2004 жылы Бюджет кодексі қабылданып, онда орталық пен аймақтардың аражігі ажыратылып, нəтижелілікке бағытталған мемлекеттік жоспарлау енгізілді.

Қазір жоспарлаудың үш жылдық бюджеті енгізілгені мəлім. Бюджетті орындауда бюджеттік бағдарлама əкімгерлерінің дербестіктері арттырылды. Облыстың қаржы жүйесінің оң динамикасының арқасында облыс бюджеті жыл сайын ұлғайып, бюджетті орындау бойынша республикада алдыңғы қатарда келеміз.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің түсімдері 516,5 млрд. теңгені құрады немесе 102,6 пайызға көбейді. Оның ішінде салық түсімдері – 371,1 млрд. теңге, өткен жылмен салыстырғанда өсім – 15,7 пайыз. Облыс бюджетінің шығыс бөлігі 100 пайызға жуық орындалды.

Биылғы 1 қазанда облыста тіркелген шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің саны 59 мыңға жуықтап, өткен жылдың сəйкесті кезеңімен салыстырғанда 101,9%-ға өсті. Соның нақты жұмыс жасайтыны 51 мыңнан астам, яғни 102,1%. Есепті мерзімде кəсіпкерлерді қаржыландыруға бөлінген 7,5 млрд. теңгеге 1325 кəсіпкердің жобасы қаржыландырылып, 1600-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 57 кəсіпкердің жобасына 170 млн. теңгенің қайтарымсыз гранты берілді. Бұлардың арасында грант сомасы 51 млн. теңгені құрайтын, əлеуметтік осал топқа жататын 18 кəсіпкердің жобасы қаржыландырылды.

Бұл үрдісті төл теңгеміздің тұрақтылығының айқын көрінісі, қаржы жəне банк саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген барша əріптестеріміздің тынымсыз еңбегінің жемісі, ақша- қаражат саясатының дұрыс жүргізіліп отырғанының көрінісі тұрғысында бағаланамыз артық емес.

– Атаулы күнге орай айтар тілегіңіз?

– Ел егемендігі мен мемлекет тəуелсіздігінің негізгі нышандарының бірі – Теңгенің туған күні жəне кəсіби мереке – Қаржыгерлер күні құтты болсын!

Ұлттық валютамыздың мəртебесінің биіктеп, мерейінің үстем болуын, осы мақсатта қалтқысыз қызмет атқарып келе жатқан сала қызметкерлерінің еңбек жемісін көріп, толайым табысқа кенеле беруін тілеймін!

  • Әсерлі әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: 

Дәулетқали Аруев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button