УАҚЫТ ТАЛАБЫНА САЙ ҮРДІС

Кеше облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалығымен облыс әкімі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарының мәселелері бойынша қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

Электронды БАҚ материалдарының сапасы мен проблемаларын көтеруді талқылауға арналған отырысқа жергілікті, аймақтық бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Атап айтқанда, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалының шеф-редакторы Назарбек Қосшиев «Электронды БАҚ материалдарының сапасы мен проблемалары» тақырыбында баяндама жасады. «Алтын ғасыр» газетінің бас редакторы Жұмабай Доспанов өңірдегі белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы кеңінен қамтылған сайт құру қажеттілігін атаса, «Мұнайлы Астана» газетінің директоры Медет Ахсанов «БАҚ-тың электрондық сайттарының сапасын көтеру» жөнінде баяндама оқыды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева отырыс барысында бұқаралық ақпарат құралдары басшыларына ақпарат саласындағы ескірген және басқа да жұмыс жасауға кедергі келтіретін нормалар туралы ұсыныстарды жазбаша түрде ұсынуын тапсырды. Бұл мәселелер кейін ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңдары аясында талқыланып шешімін табатынын жеткізді.
Қоғамдық кеңесті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы алдағы уақытта қоғамдық кеңес отырысын телеарналар мен газет редакцияларында көшпелі түрде өткізу қажеттілігін айтып, ұсыныс білдірді.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.
Суретті түсірген
Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз