Тұралаған тігін фабрикасының жұмысы қайта жандана ма?
Жүн өңдеу мен тоқыма өнімдерін өндірудің толық циклінде қызмет ететін бірегей кәсіпорын 2015 жылы іске қосылған болатын. Ол аймақтың өңдеу саласындағы ерекше құбылыс саналған. Қазір осы тоқыма орны «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы алдындағы берешегін төлей алмауы себебінен тұралап тұр. Бүгінде компанияның шоттары бұғатталып, өнім өндірісі тоқтаған. барлық қызметкер еңбекақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында қызметін тоқтатқан «Сaspiy Lana Аtyrau» ЖШС-ін қайта құрылымдау мәселесі талқыланған жиын өтті.
Жүн өңдеу мен тоқыма өнімдерін өндірудің толық циклінде қызмет ететін бірегей кəсіпорын 2015 жылы іске қосылған болатын. Ол аймақтың өңдеу саласындағы ерекше құбылыс саналған. Қазір осы тоқыма орны «Атырау» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясы алдындағы берешегін төлей алмауы себебінен тұралап тұр. Бүгінде компанияның шоттары бұғатталып, өнім өндірісі тоқтаған. Барлық қызметкер еңбекақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген.
– Тоқыма фабрикасының өндірісін қалпына келтіру мəселесі облысымызда бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Бүгінде «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС-нің берешек қарызының сомасы шамамен 1.6 млрд. теңгені құрайды. Қазір бірлескен жұмыстың нəтижесінде өсімпұл мен айыппұл санкцияларын есептеу тоқтатылды. Бірақ заң жүзінде ең алдымен негізгі қарыз өтелуі керек, өйткені бұл – мемлекеттің ақшасы. Ал, аталған жобаны қайта жандандыруға өткен жылдың соңында итальяндық инвесторлар қызығушылық танытты, бірақ елдегі пандемияның кесірінен бəрі өзгеріссіз қалып отыр, — деді «Атырау» ƏКК департаментінің директоры Нұрлан Қаппазов.
Тоқыма фабрикасын қайта ашуды қолға алған Export Center «Silk Way» ЖШС – Қазақстанның экспорттаушыларына қолдау көрсетіп жүрген мамандандырылған компания. Бұл серіктестік бұған дейін Қытай еліндегі заңды тұлғалар мен жеке кəсіпкерлердің мүддесін қорғап келген. Export Center «Silk Way» ЖШС-нің директоры Құралай Канахинаның айтуынша, «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС-і мен арада екіжақты келісім жасалып, болашақта қазақстандық өнімдер қытайлық B2C интернет-дүкені тəрізді JD.com. желісіндегі мультибрендті онлайн – дүкені арқылы сатылатын болады. Ал, бұл онлайн – дүкеннің басты талабы тауарлар белгіленген мерзімде жəне толық көлемде жеткізілуі керек. Бұдан басқа, компанияның өнім қорларын сату экспорттық орталықтың к ө м е г і м е н Қ ы т а й д ы ң И у қаласындағы бонд аймағының ұлттық павильонында жүзеге асырылады.
– Қазір Қытай еліндегі жəне Қазақстандағы серіктестердің к ө м е г і м е н к ə с і п о р ы н д ы қаржылық сауықтыру, жобалық қуатқа шығу жəне компанияны стратегиялық дамыту бойынша іс-шаралар əзірленді.
Есептеулерге сəйкес, бірінші а й д а і с к е қ о с у — ж ө н д е у жұмыстарына, шикізат сатып алуға жəне өндірісті іске қосу үшін шамамен 42 млн. теңге қажет.
Жуырда біз өнеркəсіптік барлау мақсатында кəсіпорында болдық. Байқағанымыздай, тұралаған фабрика жабдықтары жақсы жағдайда сақталған, ал жұмысшылар өнім өндіруге бел шеше кірісетіндіктерін айтып отыр .
Қажетті шикізатты жеткізушілер де табылған. Бүгінде Қытай, Араб Əмірліктері, Түркия тəрізді елдерден алдын-ала тапсырыс та берілген. Бұл жұмыстардың көпшілігі «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлік па лат асының к ө м е г і м е н ж ү з е г е а с ы п , соның арқасында «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС-і бүгінде Қытай импорттаушыларының тізіліміне кірді. Компанияның ендігі басты мəселесі – тиесілі шоттарын ашу. Ол инвестор өз қаражатын іске қосуы үшін қажет, — деді серіктестік директоры Құралай Канахина.
Кəсіпкерлік корпорация өкілінің айтуынша, осыған орай компания кəсіпорынды қайта құрылымдау жəне қаржылық сауықтыру бойынша егжей-тегжейлі жоспар беруі тиіс. Ал, жинақталған құжаттар одан əрі жұмыс тобының қарауына ұсынылатын болады. Атырау облысының кəсіпкерлер палатасы бұл процеске белсенді қатысуды көздеп отырған көрінеді. Кездесудің қорытындысында, қатысушылар жергілікті тауар өндірушінің қызметін жаңарту үшін тиімді бірлескен жұмыс жүргізу қажет деген ортақ пікірге келді.
Өз тілшіміз