Жарнама
Экономика

Томанның тұрғындары тұрақты электр энергиясымен қамтылды

Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Томан ауылында электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары сәтті аяқталды. Енді бұл ауылдың 150-ге жуық тұрғыны тұрақты әрі сапалы электр энергиясына қол жеткізді.

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауқымды жоба аясында Х.Ерғалиев ауылындағы №83 «Новобогат» 110/10 кВт қосалқы стансасынан Томан ауылына дейін ұзындығы 30 шақырым болатын электр желісі тартылды. Сонымен қатар қосалқы стансаға қуаты 6 300 кВА болатын заманауи трансформатор орнатылып, екі жаңа ұяшықпен толықтырылды.

–Электр жүйесін жаңарту барысында заманауи қауіпсіздік және тиімділік талаптарына сай электр жабдықтары орналастырылды. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының тұрмыстық және шаруашылық қажеттіліктерін үздіксіз және сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр, — делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған инфрақұрылымдық жобаның бас мердігері – «Айком Ltd» ЖШС.

Айта кету керек, Томан ауылы – Исатай ауданының шалғай елді мекендерінің бірі. Ауыл тұрғындары бұған дейін электр қуатының жиі үзілуінен қиындық көріп келген болатын.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button