Жарнама
Экономика

Теңіздегі үшінші буын зауытына «ҚазМұнайГаз» басшысы келді

Жаңа зауыт арқылы ТШО мұнай өндірісі 12 млн. тоннаға артады.

2022 жылдың 28 шілдесінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон Теңіздегі Үшінші Буын Зауытын (ҮБЗ) және Біріктірілген өндірісті басқару орталығын (БӨБО): «Болашақ Кеңейту Жобасы — Сағалық қысымды басқару жобасы» (БКЖ СҚБЖ) нысандарын көріп шықты.

««ҚазМұнайГаз» үшін – «Теңіз» стратегиялық актив, ол еліміздің батыс өңірі үшін және жалпы ел экономикасының дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Қазіргі уақытта негізгі міндеттердің бірі – «Болашақ Кеңейту Жобасы — Сағалық қысымды басқару жобасын» (БКЖ СҚБЖ) уақтылы жүзеге асыру. Бұдан басқа, 2022-2023 жылдары персоналдың жоспарланып отырған ауқымды демобилизациясы кезеңінде әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын атап өту қажет. Бұл мәселеде Теңізшевройл тиісті органдармен және жергілікті атқарушы билікпен бірлескен үйлесімді жұмыс жүргізеді деп үміттенеміз», — деп атап өтті ҚМГ басшысы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта  БКЖ/СҚБЖ 92,2% — ға аяқталды. Жобаны іске қосу ТШО-ның мұнай өндірісін жылына 12 млн. тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, БКЖ/СҚБЖ іске асырыла бастағаннан бері қазақстандық компаниялардан жалпы сомасы 14,1 миллиард АҚШ долларына тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынды. Қалған жұмыстардың да көпшілігі ел ішінде жүзеге асатындықтан, бұл Қазақстан экономикасына оң серпін береді.

Сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиев пен Кевин Райан әлемдегі ең ірі басқару орталығына барды. Бұл жерде барлық зауыттар, энергия жүйелері және кәсіпшілік деректер бір орталықтан басқарылады. Заманауи үлгідегі бұл құрылым 23 басқару пультімен жабдықталған. Жаңа орталықтың аумағы шамамен 2200 ш.м.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button