Жарнама
Экономика

ТЕҢГЕ ТЕҢСЕЛІП ТҰР

Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс екі елдің де экономикасын шайқалтып жіберді. Осы себепті рубльдің теңгеге әсерін төмендету үшін Ұлттық банк валюталық интервенциялар жасауға мүдделі болып отыр. Оның көлемі мен жиілігі ішкі валюта нарығындағы жағдайға байланысты. Ұлттық банк өкілдерінің мәлімдеуінше, икемді айырбас бағамы алтын валюта қорының сақталуына ықпал етеді. Еліміздің қазіргі алтын валюта қорының деңгейі 8,8 айлық импорт көлемін жабуға жетеді екен.

Осындай ақпаратты таратқан Ұлттық банк баспасөз қызметінің мəліметінше, алдағы күндері рубльдің құлдырау қаупі жоғары. Оған АҚШ-тың, Еуропалық комиссия, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Канадамен бірлесіп, Ресейге қатысты санкция жариялауы себеп болып отыр. Бұған кейбір Ресей банктері мен Орталық банкін SWIFT жүйесінен ажырату туралы шешім де əсер етуде. Оған қоса, халықаралық санкциялардан кейін S & P Global Ratings агенттігі Ресейдің ұзақ мерзімді рейтингін «инвестициялық емес» деңгейіне дейін түсіріп тастаған. Дүйсенбі күні таңертең КАSЕ долларды саудаға шығармағаны белгілі болды. Алайда, мұның уақытша қабылданған шара екендігі айтылды. Сол сəтте ақша айырбастау пункттерінде доллардың сатып алу бағасы 471 теңге болған. Кеше кешкісін оның құны 495 теңгеге жетті. Сарапшы-мамандардың болжамына қарағанда, алдағы күндері Ресей рублінің бағамы айтарлықтай құбылады. Ол көп жағдайда нарықтың ықпалына жəне тəуекел-сентименттің өзгеруіне ұшырауы да ықтимал.

Дəулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button