Жарнама
Экономика

Тарифтерді басқару: жаңа цифрлық сервис қолданысқа енгізілді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі энергия өндіруші мекемелердің тарифтік өтінімдерін қарау үдерісіне арналған тарифтерді басқару бойынша жаңа цифрлық сервисті пилоттық режимде іске қосты. Аталған сервис электр энергиясына шекті тарифті бекіту үдерісін цифрландыруға бағытталған.

Жаңа жүйе энергия өндіруші мекемелерге өтінімдерді қағазсыз, электрондық форматта ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл қағаз құжат айналымын жойып, өтінімдерді қарау, бекіту процессін жеңілдетіп, жеделдетеді. Цифрлық сервис өтінім беруден бастап, соңғы шешім қабылдауға дейінгі толық циклді қамтиды. Құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қою мүмкіндігі қарастырылған. Электр энергиясына шекті тариф 7 жыл мерзімге бекітіледі.

-Жаңа жүйенің енгізілуі – Энергетика министрлігінің мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және бюрократияны азайту бағытындағы маңызды қадамдарының бірі. Сервис құжат айналымының заңды күшін сақтай отырып, саладағы процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Министрлік аталған сервисті алдағы уақытта пайдаланушылардың ұсыныс-тілектері мен жасанды интеллект элементтерін ескере отырып жетілдіруді жоспарлап отыр, — делінген республика Энергетика министрлігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, аталмыш жоба Отын-энернетика кешенінің цифрлық трансформациясы картасы аясында әзірленіп, Энергетика министрлігі жүзеге асырып жатқан EnergyTech платформасына кіріктірілген.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button