ТӘРБИЕ – ТАЛБЕСІКТЕН
«Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы, қыздар арасында ерте жүктілікті болдырмаудың алдын алу шаралары» тақырыбында өткен кездесу барысында жанұя құндылықтарын дәріптеу, отбасылық институтты нығайту мәселесі талқыланды.
Шараға қатысқан №1 қалалық аурухананың акушер-гинеколог маманы Алтынай Нұрышева қыз балалар арасында ерте жүктілікті болдырмау мақсатында бейнероликтер көрсетіп, оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, олардың көкейде жүрген сауалдарына жауап берді.
Негізгі мақсат – жасөспірімдер арасында суицид жағдайларына жол бермеу. Оқушы балаларды қателіктен сақтандыру бағытында мектеп директоры Шамбіл Рашид, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психолог пен сынып жетекшілері қатысып, оқушыларды жамандықтан сақтандыру, олардың суицидке немесе басқа да қателікке бой алдырмауына қоғам болып көмектесу жайында ойларын ортаға салды.
Мәлике ҚУАНЫШЕВА.