ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН…
Конференцияны партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әзмұханов ашып, жүргізді. Одан әрі күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес құрамы ұсынылып, әр саланың басында жүрген он бес белсенді жас мүшелікке өтті. Асхат Қалауов «Жас Отан» жастар қанаты Атырау қалалық филиалының атқарушы хатшылығына сайланды.
«Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Бопылдықов келер жылы атқарар жұмыс жоспарларымен таныстырып, жасотандықтар қай іске де бір кісідей жұмылу керектігін түсіндірді.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Арман Азаматов студенттермен жұмыс, ұйымдаспаған жастар, селолық округтердің жастарына көңіл бөлу, студенттік өзін-өзі басқару, жалпы жастардың қазіргі әлеуметтік мәселелері жөнінде пікір білдірді. Сондай-ақ, жұмысшы жастардың мәселелерін алға тартып, кәсіпкерлікпен айналысамын деген жастарға көңіл бөлудің аса қажеттігі туралы айтты.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.