Экономика
Тайсойғанда бұрғылау жұмыстары басталды
«Қазмұнайгаз» АҚ-ы Атырау облысындағы Тайсойған учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті. Бұл туралы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.
«Ембімұнайгаз» АҚ-ы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны.
Аталған учаске Каспий маңы шөгінді бассейніндегі мезозой құрылымында тұзүсті қабаттарынан тұрады. 2025 жылдың соңына дейін тереңдігі 400-ден 3800 м-ге дейін 8 құрылым бұрғылау жоспарланған.
Нысандар 5600 шаршы км көлемде жүргізілген кең ауқымды 3D сейсмикалық барлау негізінде бұрғылауға дайындалды. «Ембімұнайгаз» АҚ-ы жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық жұмысты ҚР заңнамасына және экологиялық талаптарға қатаң сәйкес жүргізеді.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ