Жарнама
Экономика

ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЫ – СТУДЕНТТЕР

Жиынды Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Орақ Бисембиев жүргізді.

Мінбеге шығып, баяндамаларын оқыған алты студент аталған өзекті мәселе төңірегінде өздерінің осы уақытқа дейін жинаған білімдері мен ойларын ортаға салды. 

Студенттердің баяндамаларын тыңдаған мамандар жастардың осындай қоғамдық мәселелер төңірегінде ой қозғап, пікірталасқа белсене араласқандарына ризашылықтарын білдірді. Мәселен, студенттердің өздерінің баяндамаларында қазіргі таңда он бес жылдан астам уақыттан бері мұнай өндіріліп жатқан «Теңіз» кеніші орналасқан Жылыой ауданын айтпағанның өзінде, Атырау қаласындағы экологиялық жағдайдың да мәз емес екенін батыл айтулары қызықтырды. Сондай-ақ, олар «қала ішіндегі және облыс орталығына жақын маңдағы ірі өндірістен шығатын қалдықтар ауаны ластап, тұрғындардың таза ауамен тыныс алуына кедергі келтіруде. Бұл туралы жиі-жиі айтылып, БАҚ беттерінде жарияланып та жүр. Әзірге оны түбегейлі жою мүмкіндіктері болмай келеді. Бұл туралы биылғы жылдың он айын қорытындылаған облыстық экология департаментінің мамандары мәлімдеді»,-деп біраз мағлұмат жинағандықтарын көрсетті. Дегенмен, шара соңына таман пікірлерін білдірген мамандар баяндама дайындаған студенттерге «ғаламтордағы мәліметтерге көп сүйенбей, өздерің аяқтай жүріп ізденіңдер. Өйткені, ғаламторға кез келген адам пікірі мен ойын жаза береді»,- деген кеңестерін айтты.

Жиын соңында әр маман өзінің көңілінен шыққан студентке дауыстарын берді. Осылайша жиналған дауыс санын есептей келе, бірінші орын иесі болып студент Альбина Елемесова атанып, сыйлыққа 30000 теңге, екінші орынды Мақпал Айдынбаева иеленіп, оған 20000 теңге, үшінші орынға Айгерім Сағынова ие болып, 15000 теңге сыйлығын еншіледі.

Диас НАУРЫЗӘЛИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button