Жарнама
Экономика

ТҰЙЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ БАР

Мұнда Нұрсұлтан Назарбаев «…Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады» деген еді. Сол жағдай, күрделі кезең бүгінде келгендей. Дегенмен, ұйысқан ұлты, әлеуетті жұрты, даму жолына түскен экономикасы бар республикамыз тұйықтан жол табуға ұмтылуда.

Қазақ елі сындарлы сәтке үлкен дайындықпен келді деуге болады. 2001 жылы республикамызда Ұлттық қордың қандай жағдайда құрылғанын бәріміз білеміз. Кейбіреулердің тың бастаманы сынап, мінегені де есімізде. Алайда, Елбасының алыстан ойлайтын, тереңнен болжайтын көрегендігінің арқасында Ұлттық қордың мемлекетіміз үшін өте қажет  екендігін енді терең сезініп отырмыз.

Мен бұған дейін қалалық мәслихатқа депутат болып бірнеше рет сайланған жанмын, тиісті комиссияға жетекшілік еттім. Қазір де еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласудамын. Республикалық Патриоттар партиясының Атырау облысындағы филиалының бірінші хатшысымын, әрі «Ағила» сауда орталығының бас директорымын. Мұның бәрін айтып отырған себебім, жергілікті жердің жағдайы маған жете таныс.

Қарап тұрсаңыз, бүгінде  әлемдегі экономикалық ахуал өте қиындап кетті. Санкциялардың салдарынан Ресейдің рублі құнсызданып, күнкөрістері төмендеп барады. Қытайдың экономикалық өсімі де бұрынғыдай емес. Стратегиялық әріптес, әрі көрші алып екі мемлекеттегі жағдай бізге өз әсерін тигізбейді деп ешкім айта алмайды. Дегенмен, біздің ел басшыларының қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай білетіндігі көпшіліктің көкейіне сенім ұялатады. Ендігі кезекте теңге бағамы қаржы нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгеріміне байланысты қалыптасып отырады. Яғни, бұл қадам қажеттіліктен туып отыр. Отандық өндіріске қолдау білдіріп, кәсіпорындарымыздың бәсекелестік қабылеттілігін нығайтуымыз керек.

Аталарымыз «бұдан жаман кезімізде де тойға барғанбыз» деген екен. Яғни, халқымыз бұдан қиын кезеңді де бастан өткерді, өлара шақтан Елбасымыздың басшылығымен аман-есен шықтық. Ендеше, бұл сындарлы сәттен де абыроймен өтетінімізге сенімдіміз.

 

Ағила МОЛДАҒАЛИЕВА,

«Ағила» сауда орталығының бас директоры,

Атырау қаласы. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button