Экономика
«Сыбағаны» артығымен алыппыз
Мүйізді ірі қара шаруашылығын дамыту және қолдау бағытында қабылданған «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алынған мал саны көбейді.
Биыл шаруашылық құрылымдары үшін 750 сиыр сатып алу жоспарланса, бұл меже 110 пайызға артығымен орындалған. Одан бөлек, 7000 бас ұсақ мал сатып алу жоспары да толықтай қамтамасыз етілген.
Қосымша бір дерек, жыл басынан бері облыста 36,8 мың тонна ет, 53,6 мың тонна сүт, 102,4 млн. дана тауық жұмыртқасы өндіріліп, жоспар орындалысы 102,0-102,4-128,0 пайызға қамтамасыз етілген.