Жарнама
Экономика

«СУ МАРЖАНЫН» СҮЗГЕНДЕР

«Біздің кәсіпорын Ресейдің тұрақты тұтынушылармен ғана емес, Франция, Балтық жағалауындағы үш елмен, Украина, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстандағы әріптестермен шарттар жасасты. Осының барлығы таргеттеуден кейін мүмкін болды. Өткен жылы біз экспортқа 2 мың тонна кептірілген немесе қатырылған сазан, ақтабан, торта балық, шортан, жайын, көксерке етін шығарсақ, биыл сату көлемі азайды. Құнсызданған рубльге өнім сату тиімсіз болды. Теңге бағамын түзету кәсіпорынға сату көлемін қайта ұлғайтуға, келешекке жоспар құруға мүмкіндік берді», — деді «Амангелді» өндірістік кооперативінің бас технологы Жанна Ғайсина.

Теңге бағамының өзгеруінен алынған қосымша қаражатқа кәсіпорын балық кептіретін жаңа цех салуды жоспарлауда. Ол балық кептіруді жылы күндері ғана емес, жыл бойы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл көлемге де, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне де оң ықпал етеді. Амангелділік балық өңдеушілер жоспарында құтылау цехын салуда бар.

Өндірістік кооперативке қаражат тек цехтардың өндірістік базасын дамытуға ғана қажет емес. Жаңа кеме, тіркеме сатып алу жоспарда бар. Бұл балық аулауды кеңейту үшін қажет.

Қыркүйектің алғашқы күніне күзгі тартым жұмыстарын бастаған он екі кемесі бар өндірістік кооператив үш мың тонна балық дайындауды межелеп отыр. Маусымдық жұмысқа барлығы жеті жүздей адам тартылған, олардың екі жүздейі тұрақты жұмыс істейді.

                        Өз тілшімізден.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button