ОЙ-САРАП: Әкімдер есебінен не түйдік?

prara 1 768x779 1 1 Жаңалықтар

Аудан әкімдерінің есеп беруіндегі олқы тұсы – өңірлерге инвестиция тартудың кемшіндігі. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов барлық ауданда да осы жұмыстың ақсап тұрғанын атап көрсетті. Мүмкіндігі жеткілікті Жылыой, Мақат аудандарының әкімдері де соңғы 4-5 жылда бұл мәселеге көңіл аудармаған екен. Айтылған сылтау – жұлқынып тұрған инвестордың жоқтығы. Осыған байланысты атам қазақтың бір сөзін келтірсек, ешкім ренжи қоймас.

«Сиырдың сүті – тілінде» депті ата-бабамыз. Демек мұның астары «егер жайлы орында бұйығып отырсаң, сырттан келіп қолыңа ақша ұстататын адам жоқ» дегенді білдірсе керек. Немесе сол ұғымды білдіретін «Жүрген аяққа жөргем ілінеді» деген де сөз бар. Атыраудың қазағынша сөйлесек, «өзен жағалағанның өзегі талмас».

Арғы дәуірдегі абыздардың көзін көрген көнекөздерден сөз қалған ба, «Біткен іске сыншы көп» деген даналықтың мән-мағынасын түптеп жату әбестік болар, сірә. Қалай құйқылжытса да, сөз ләмін түсінетін қарақалтай қазақтың өзіақ індетіп алады. Биыл әкімдердің халық алдындағы дәстүрлі есеп беруі дәстүрлі емес жағдайда өтіп жатыр. Оның себебі де түсінікті – індет.

Облыстағы 7 аудан әкімдерінің х а л ы қ а л д ы н д а ғ ы е с е п б е р у і бұрынғыдай атшаптырым залда алқалы топтың алдында емес, онлайн форматта өтті. Бірақ Мақат пен Жылыой аудандарына облыс әкімінің өзі аяқтай барды. Өйткені, Махамбет Жолдасқалиұлы қазіргі жағдайда елдің қазынасына түсетін т абыстың қайдан екенін жақсы біледі. Оның үстіне екі аудан да тек жер қабатынан «қара алтын» қотарып қарап отырған жоқ, ауыл шаруашылығын дамытуға бетбұрыс жасап отыр.

Әрине, барлығы да ел ішіндегі істі ұйымдастыра білетін азаматтардың арқасы. Облыс басшысы солардың жағдайын көру үшін арнайы барды. Қалған 5 ауданның әкімдері Атырау қаласына келіп, «АтырауАқпарат» ЖШС-нің өңірлік коммуникация қызметінде бірнеше т ү р л і м е д и а ко м м у н и к а ц и я л ы қ (әлеуметтік) желіде онлайн режиммен, «ATYRAÝ», «Caspian news» телеарналарының тікелей эфиріне телефонмен қосылу арқылы брифинг үлгісінде есеп берді. Мұның ерекшелігі – ғимаратқа көп адамды шоғырландырмай, кез-келген адамның өз ұсыныс-тілегін тікелей ж е л і д е е м і н – е р к і н ж о л д ау ы н а мүмкіндік бар.

Одан бөлек есеп беруден бұрын арнайы орындарға жәшіктер қойылып, халықтың тілекұсынысы жинақталды. Ж ұ р т ш ы л ы қ т ы қ у а н т қ а н ы – Махамбет Жолдасқалиұлының сауал берген әр адамды мұқият тыңдап, мәселеге қарай тиянақты жауап бергені. Ешкімге құр уәде бе рм е й , ә р і с т і ң к ү рд е л і л і г і н е байланысты орнықты жауап алған соң жұртшылықтың да көңілі толды. Кейбір мәселелер бойынша зерделеу жүргізіп, нәтижесі жөнінде сауал иесіне ресми жауап берілетіні түсіндірілді.

Ал, есеп берген әкімдердің сөзіне бақсақ, пандемиядан шеккен зардап, оның халық тұрмысына тигізген кесірі деген мәселелер айтылып жатыр. Бірақ көрсеткіштердің бәрі жақсы. Ш ы н ы н д а д а , 2 0 2 0 ж ы л ғ ы наурыздан бастап енгізілген төтенше жағдай режимі біраз шаруаны шектеп тастаса да, жасалғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Қиын жағдайға қарамастан, жүзеге асқан істің көрсеткіштеріне көңіл толады.

Әр саладағы жетістіктердің жиынтық динамикасы облыстың рейтингіне оң әсер етіп, бюджеттің орындалуын айтарлықтай жақсартқанын атап өткен ләзім. Шектеулер болғанмен, б ұ р ы н қ а р ж ы м е н у а қ ы т т ы шығындаған мәдени-көпшілік және бұқаралық шаралардың онлайн немесе қашықтан өткізілуі ел-жұрттың сана-сезімін жаңа биікке жетелегендей болды.

Оған қоса, бұған дейін қағаз жүзінде ғана «жасалған» жұмыстардың нәтижесін айқындап берді. Мысалы, «Цифрлы Қазақстан» б а ғ д а рл а м а с ы н ы ң қ а н ш а л ы қ т ы жүзеге асқаны, жергілікті жерде интернет пен талшықты байла – ныс желісінің жұмыс жасау сапасы анықталды. Тіпті, денсаулық сақтау және білім салаларындағы айтылмай келген кемшіліктер де өзінен-өзі көрініс тапты.

Р а с , х а л ы қ т ы ң ә л е у м е т т і к тұрмысын жақсарту мақсатында баспанамен қамтуға Атырау облысында көп мүмкіндік жасалды. Тек қалада емес, әр ауданның орталығында мемлекет тарапынан көп қабатты үйлер салынып жатыр. Мысалы, 2020 жылы ғана Доссор кентінде 60 пәтерлік 1 үй пайдалануға беріліп, көп балалы 38 отбасы, 15 әлеуметтік жағынан осал топ өкілі, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 3 бала, баспанасы «апатты» деп танылған 4 азамат қоныс тойын тойлады.

Ал, Махамбет ауылындағы 60 пәтерлік 3 үйге 39 көп балалы отбасы, бюджеттік мекемелерде жасайтын 44 қызметкер, әлеуметтік жағынан осал топтағы 66 адам, Ұлы отан соғысының 1 ардагері, баспанасы «апатты» деп танылған 2 адам, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 23 бала қоныстанды, 5 пәтер қызметтік мақсатқа бөлінген.

Б и ы л 6 4 1 а д а м т ұ р ғ ы н ү й кезегінде тұрған Мақат ауданының орталығында дәл о сындай 2 үй, 2 мыңға жуық үй кезегін күткен Жылыой ауданында 100 пәтерлік 3 үй, Индербор кентінде 48 пәтерлік 4, 80 пәтерлік 1 үй, 631 адам пәтер кезегінде тұрған Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылында 60 пәтерлік 3, Құрманғазы ауданындағы Кадырка елді мекенінен 60 пәтерлік 1 үйдің құрылысы аяқталады. Мұның бәрі де бұған дейін басталған үй құрылыстары. Жыл соңына дейін осы үйлерді пайдалануға тапсырғанда, аудандардағы баспанаға мұқтаждық мәселесін біраз сейілтіп тастайды.

Сонымен қатар, Индербор кентінен 80 пәтерлік 1, Құлсары қаласынан 100 пәтерлік 3 және 60 пәтерлік 1 үйдің, Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылынан 60 пәтерлік 1 үйдің құрылысын бастау биылға жоспарланып тұр. Соған қарағанда, көптің көкейіндегі ең басты түйткіл – баспана болса, енді аз уақытта мұның да түйіні шешіліп қалмақ. Әлбетте, қай істің де ыңғайын тауып үйлестіре білсе, шешімін таппайтын проблема жоқ. Сондықтан, кім-кім де істің бітетін жағына қарай әрекет еткені жөн. Онлайн е сеп беру кезінде облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің де атап көрсеткені осы жайт.

Мысалы, облыс түгілі, республиканың қазынасына қыруар пайда түсіріп отырған Жылыой ауданында ортақ мақсатқа жұмылып еңбек етуге мүмкіндік мол. Себебі, ірі компанияларды айтпағанда, Құлсары қаласының өзінде «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен бұған дейін қордаланған біраз мәселені оң шешудің әдіс-тәсілдері бар. Бағдарлама арқылы кәсіпкерлік салаларын өрістетіп, құрылыс нысандарын салуға, оның ішінде тұрғын үйдің санын көбейтуге, тіпті әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға да болады.

Одан басқа да тиімді тәсілдер қарастырылған. Тек соны жүзеге асыруға құлықты емеспіз. Өйткені, бағдарлама қабылданған соң оны шұқшия оқып, жүзеге асыру тетіктерін меңгеретіндер аз.

  • – Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту – мемлекет басшысының тұрақты қадағалауында тұрған мәселе. Тұрғындардың күнкөрісі түзелуі үшін аудан басшылары шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, ауданға инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстарды қолға алуы тиіс, – деді облыс басшысы.

Егер инвестиция келме – се, ауылдың әл-ауқаты төмендеп, халықтың күнкөрісі нашарлай береді. Қаншама мол дәулеттің иесі болса да, шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылданушылардың да жағдайы төмендей түседі. Себебі, табысы төмен, тұрақты жұмыс орны жоқ жерден кәсіпкер де нәпақа таппайды. Соның салдары шығар, облыстағы Жылыой мен Мақатт ан кейінгі жағдайы жақсы саналатын Исатай ауданында бизнес субъектілерінің белс енділігі төмендеген. Мұны Махамбет Жолдасқалиұлы аудан әкімінің есеп беру брифингінде атап көрсетті.

Демек ел ішіндегі креативті ойұсыныстарымен көрініп жүрген азаматтардың қоғам мүддесіне сай бастама-идеяларын жоспарлау, инвесторлардан соларды қаржыландыруын ұйымдастыру – басты шарт. Әйтпесе, әр ауылдан «жағдайым жоқ» деп көмек сұрағандар көбейді, олардың да жағдайларын ескере жүрген абзал. Алайда, қоғамдық мүдде – бірінші кезекте.

Бір мәселе – жұмыспен қамту жайында. Шынын айту керек, былтыр елде төтенше жағдай енгізілген сәтте қолдау жасау мақсатында мемлекет қазынасынан төленген 42 500 теңгені алу үшін небір қитұрқы әрекеттерге барып, жұмыстан қашқандар болды. Кейін олар сан соғып қалды. Себебі, қарап жатқанға қара су да жоқ екен. Еңбексіз тапқан табыстың дәмі болмасын түсінгендер енді кәсіп іздеп кетті. Мысалы, жайбарақат шақта тілі мен жағына сүйеніп той басқарғандар мен жұрттың басы қосылған жерде ернін жыбырлатып оңай олжа тапқандардың қазір не істеп жүргенін кім білсін?!

Ал, 15 күн ауысыммен ақша тауып жүргендер ауылға келіп, жаз бойы ауылдастарының көтерме жұмысын жасап, жалақысынан да мол т абыс т апқанына қуанулы. «Алыстан арбалағаннан жақыннан дорбалағанның» әлдеқайда тиімді екеніне көзі жетті. Шынында, «жұмыспен қамту» ондаған адамды жұмысқа орналастырып, даңғарадай өндіріс орынын ашу емес. «Теңге тиыннан құраларын» е с к е р с е к , т ы ң н а н б а с т а л ғ а н шағын кәсіптің өзі адамды ерекше жігерлендіреді.

Мысалы, қазір шаруа қожалықтарына жазда шөп шабатын, қыста мал бағатын адам жоқ. Бірақ ауылда тепсе темір үзетін жігіттер баласына мемлекет берген ақшадан тамақ асырауға арланбайтын болды. Тіпті, сөйтіп тамақ тапқаны былай тұрсын, соның шетінен арақ ішіп, құмар ойын ойнап, отбасының ойранын шығаратындар бар.

  • – Маңызды мәселе – жұмыспен қамту саласында жүргізілетін статистикалық мәліметтерде нақтылық жоқ. Жұмысқа нақты орналасқандар мен жүргізілген есеп-қисап құжаттарындағы көрсеткіштерді с алыстырғанда, айырмашылық бар. Тіпті, кейбір көрсеткіштердің қағаз жүзінде ғана екенін көруге болады. Сондықтан, есеп нақты жұмысқа орналасқандарға ғана жүйеленуі тиіс, – деді М.Досмұхамбетов.

Ә л б е т т е , и н в е с т и ц и я т а р т у дегенді «Теңізшевройл» тәрізді ү л к е н к ә с і п о р ы н м е н с е р і к т е с болу деп түсінбеген жөн. Атырау облысындағы табысты кәсіпкерлермен ірі кәсіпорын-мекемелердің басшыларының көпшілігі ауылда туып-өскен. Олардың қай-қайсысы да туған жерінен безініп кеткен жоқ. «Ер – туған жеріне» дегеннің мағынасын жақсы ұғынатын азаматтар. Ендеше, солардың туған жерге деген көзқарасын, сүйіспеншілігін арттыра түсу – жергілікті әкімнің міндеті. Тәуелсіздік алған 30 жылда республика халқының, соның ішінде ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға қатысты мәселелерді ұраншылдыққа ұластырмай, әр істің келешегін ойластырып іске асырған жөн. Әкімнің міндеті – сол.

Егер халықтың құлшынысы болса, оған жергілікті билік қолдау білдіргені жөн.

  • – Жергілікті үлесті көбейту арқылы облыс аумағындағы қызмет көрсетуге бейімделіп, әбден қа лыпт асқан кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттырудың мүмкіндігі туындайды. Бұл – ауыл тұрғындары үшін қосымша жұмыс көзі, кәсіпкерлердің тұрақты табысы. Әкімдерге осы мәселеге көңіл аударуды тапсырамын, – деді Махамбет Жолдасқалиұлы.

Аудандарда қалыптасқан тағы бір қиын ахуал – қылмыс санының өсуі. Ә с і р е с е , ж ы л б а с ы н д а ғ ы к ө р с е т к і ш т е р б о й ы н ш а И н д е р , Құрманғазы аудандарында құқық бұзу көрсеткіші жоғары. Шынында, б ұ л т и і с т і о р г а н д а рд ы к і н ә л ау емес, нақты ахуал. Әсіресе, мал ұрлығы, алаяқтық, тонау және ауыр қылмыстард ан тұрғындар зардап шегіп отыр. Мәселен, қолынан өсірген ақ-адал малын ауласынан жоғалтқан қаншама ауыл тұрғыны ұрыны таба алмай жүр?! « Ұ с т а л м а ғ а н ұ р ы е м е с » д е с е к те, ел арасында «мал ұрлығымен дәніккен ұйымдасқан топтар бар» деген қаңқу сөз желдей есіп тұр. Ол да тегін болмас, «жел болмаса шөптің басы қимылдамайды» ғой.

Ал, полиция органдары мұндай і с т е р д е ж ә б і р л е н у ш і г е с ы л т ау айтып, шығарып салуға үйреніп а л ғ а н . О д а н қ а л с а , м а м а н н ы ң тапшылығына жаба салады. Бірақ онымен мәселе шешілмейтінін айтқан М.Досмұхамбетов аудан әкімдеріне бұл бағытт а облыстық полиция департаментімен бірлескен ісқимылдар жасау арқылы мәселенің оң шешілуіне ықпал етуді тапсырды.

Әрине, облыста жасалғанынан жасалар жұмыс жетіп-артылады. Оны қалың бұқара көріп-біліп отыр. Әлеуметтік желінің заманы ғой, жоқ жерден бүлік шығарып, өзін-өзі насихаттаушылар да көп. Дегенмен, халықтың санасы көтерілді, көзі ашылған. Жеке бастың қамы мен мемлекеттік мүддені араластыр ат ы н д а р а з а й д ы . С о н д ы қ т а н , мәселенің мәніне тереңірек үңілсе, істің шешімін табуы оңай.

Облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің аудан әкімдерінің алдына қойған міндеттерімен берген тапсырмасының мақсаты да осында жатыр. Егер халықтың қойған мәселесі орынды болса, атқарушы органдардың да жоспар-жобасымен үнде стік тапқаны. Ендеше, ауыл және аудан әкімдерінің мәселеге осы тұрғыдан қарағаны жөн. «Халық қаласа, хан түйесін сояды» дегеннің мән-мағынасы да осыған саяды.

Назарбек ҚОСШИЕВ

  • * Көзқарас

Мейірімгүл ИМАҚАШЕВА, Мақат кентінің тұрғыны:

  • Биыл онлайн форматта өткен аудан әкімінің есеп беруінің соңынан облыс басшысы аудандағы ахуалға орай нақты тапсырмалар берді. Махамбет Жолдасқалиұлы жалпы жұмыс жайымен толық таныс екен, өңір үшін өзекті мәселелер көтеріліп, талқыланғанына куә болдық. Расында да, пандемияға байланысты көптеген жұмыс орындары қысқарып, нәпақадан қағылғандар саны көбейді ғой. Өзім де біраз жыл бала күтіміне байланысты демалыста отырдым. Қос дипломым болғанына қарамастан, мен де қолайлы қызметтің ыңғайы болмай, аудандық жұмыспен қамту орталығына есепке тіркелгенмін. Алғашқы кезде ұсынылған жұмыстан бас тартып, «ай сайын орталыққа барып тұру қажет» деген талапты орындамадым. Ал, қаңтар айында барғанымда маған жаңа жұмыс ұсынып, 4 ай мерзімге алындым. Қазір сол жолдама бойынша жұмыс жасап жүрмін. Облыс әкімі өз сөзінде облыс көлемінде орналасқан ірі және орта кәсіпорындармен меморандумдар жасақтап, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру жөнінде арнайы тапсырма берді. Осы бастама нәтижесінен күтер үмітім мол.

Жансих МАШТАХОВ, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, /Исатай ауданы/:

  •  Исатай ауданы үшін мал шаруашылығы саласының мәні зор. Өнеркәсіпті өңірдің бірі саналғанымен, ежелден атакәсіп – төрт түлік басын көбейту, өнімдерін молайту қажеттілігі ұдайы айтылып келеді. Кешегі өткен аудан әкімінің есепті жиыны барысында осы тақырыпқа қатысты облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов отандық мал шаруашылығының табиғи өнімдерін өндіруге ауданымыздың қауқарлы екенін атады. Расында да, ауданда мал шаруашылығына басымдық беріліп, нақты жұмыстар жасалуда. Аймақ басшысы атап көрсеткеніндей, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заманауи жаңа жобаларды қосу қажеттілігі құптарлық. Төрт түлік өнімдерін ысырап қылмай, кәдеге жаратып, табиғи, таза өніммен ауыл, аудан, тіпті облыс тұрғындарын қамтып отырсақ, жаңа жұмыс орындары да ашылады, экономикалық даму көрсеткіші де жоғарылайтын еді. Алайда, бұл тапсырманы тиянақты іске асыру үшін бірқатар жұмыстарды жүйелі жоспарлап, біржақты шешім шығару қажет. Ең маңыздысы – аудан шөлейтті аумаққа жататындықтан, су мәселесі шешілгені жөн. Кеңес дәуірінде қазылған каналдардың жөндеу көрмегеніне де 10-15 жылдай уақыт болды, оларды тереңдету керек. Біздің ауданда ірі қара қыс бойы далада жайылады, оған су көзі тапшы. Бұл мәселелер біраз жылдардан бері айтылып та келеді. Кеше куә болғанымыздай, жайылымдық жерлерді ұлғайту, каналдарға су көзін жеткізуді қамтамасыз ету жайын облыс басшысы тікелей бақылауына алды. Құптарлық іс. Енді тек нәтиже күтеміз

Саттар ҚАДЫРҒАЛИЕВ, Х.Доспанова атындағы ауыл тұрғыны, зейнеткер /Құрманғазы ауданы/:

  • Менің ауданда тұрғаныма 40 жылға жуықтады. Өңірдің тыныстіршілігі, ой-қыры да жақсы таныс. Жылдан-жылға ауданымыз көркейіп, адамдар саны артып келеді. Дегенмен, бұрынғыдай мамыражай тірлігіміз жоқ. Себебі, ауданда құқық бұзушылық, әсіресе мал ұрлығы көбейіп барады. Қорасындағы азын-аулақ малын азығы мен табысына айналдырып отырған адамдар үшін ең қорқыныштысы да осы. Халқымыз «ұры алыстан келмейді» дейді. Бәлкім, ел ішіндегі тентектер болар, бірақ оларды тезге салмасақ, үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Малды адамдар ақ адал еңбегімен бағады. Ал, оны қолды қылу – нағыз қылмыс. Бұл проблеманы дер кезінде қолға алған облыс әкіміне дән ризамыз. Мәселенің қоғамдық тәртіпті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралардың жеткіліксіздігінен туындағанын айтып, полиция департаментімен бірлескен жұмыстарды күшейту керектігін тапсырды. Аймақ басшысының тапсырмасынан соң оң нәтиже боларына сенеміз. Өйткені, талап бар жерде тәртіп те болады.

Құрманбек АМАНҒАЛИҰЛЫ, «Құрман» шаруа қожалығының басшысы /Қызылқоға ауданы/:

  • Қызылқоға ауданы – облыстағы ауыл шаруашылығын дамытуға ең қолайлы, жері шұрайлы аудан. Бұл туралы аудан әкімінің есебінде облыс басшылығы да айтып өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі кездесуде аудан шаруагерлеріне шаруашылықты жаңа заманға сай технологиямен жүргізіп, мал басын асылдандыру бойынша тапсырмалар жүктеді. Ауданның кәсіпкерлік саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының болмауы – ең басты мәселе. Бүгінде ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары өнім өндіру жобаларымен жұмыс жасағаннан гөрі, шикізат ретінде өткізуді жөн санайды. Бұл әрине, біздің экономикамыздың дамуына қолбайлау болары анық. Қазір осы салада «Құрман» шаруа қожалығы алғашқылардың бірі болып үлкен іргелі істі қолға алды. Бүгінде асыл тұқымды малдан ет бағытында 41 бас қазақтың ақбасы, 39 бас абердинангус, сүтті бағытында 75 бас семинталь сиырлары алынды. Сондай-ақ, асыл тұқымды мал басын одан әрі көбейту мақсатында селекциялық жұмыстар жүргізудеміз. Биыл ет сақтайтын мұздатқышы, ет тартатын құрылғылары бар мал сою цехы іске қосылады. Ал, сүтті сауып, өңдейтін, қаймақ, йогурт, сүзбе өнімдерін дайындайтын, барлық жұмысы автоматтандырылған аппаратты Ресейден сатып алу келісім-шарттары жасақталуда. 2022 жылдың қыркүйегінде құны 265,0 млн. теңгені құрайтын бұл жобада өз жұмысын бастайды. Жоба жүзеге асқанда тәулігіне 2 тн. сүт өнімдерін шығарып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын боламыз.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз