Жарнама
Экономика

Сарапшы: Энергетика көзін әртараптандыру қажет

Қазақстанның энергетика саласында электр қуатының тапшылығы мәселесі жыл сайын өзекті болуда. Алматыда өткен сарапшылардың басқосуында осы мәселеге терең талдау жасалып, оны шешудің тиімді жолдары ұсынылды.

Сарапшылардың айтуынша, энергетика көздерін әртараптандыру арқылы елімізде электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз етуге болады.

Ғалымдардың деректері бойынша, соңғы жылдары елімізде электр қуатын тұтыну көлемі тұрақты түрде 3 пайызға артып келеді. Бұл көрсеткіш Қазақстанның электр энергиясын жеткілікті мөлшерде өндіре алмайтынын көрсетіп отыр. Осының салдарынан, біз кейбір көршілес елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз. Әсіресе, республиканың оңтүстік аймақтарында электр энергиясы кейде толық жеткізілмей, тұрғындар жарықтың өшіп қалу жағдайларына жиі тап болуда.

Бұл мәселелерді шешу мақсатында атом электр станциясын салу қажеттігі айтылуда. Университет докторанты Сабыржан Қали атап өткендей, күн, су және жел электр станциялары табиғи құбылыстарға тәуелді болғандықтан, тұрақты энергия көзі ретінде сенім артуға қиын. Мысалы, күн электр станциясы тек күндіз ғана жұмыс істейді, ал түнде электр қуаты болмайды. Сол себепті Қазақстанға тұрақты әрі сенімді энергия көзін қамтамасыз ететін қуатты өндіріс орындарын дамыту қажет.

Атом электр станциясы еліміз үшін сенімді, тұрақты және ұзақ мерзімді энергия көзі болмақ. Әртараптандырылған энергетика саласы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, электр қуатының тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button