Салық төлеушілерді мазалайтын 10 сауал

1579338523 tabys salygy Экономика

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтардан келіп түсетін 10 танымал сұрақтар мен жауаптар топтамасын дайындады. Бұл сұрақтар қазақстандықтардан МКД байланыс орталығына жиі түседі.

1 сұрақ
Мемлекеттік бажды қайтару қалай жүргізіледі?

Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын мемлекеттік кірістер органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініш пен қайтарудың заңдылығын растайтын тиісті мемлекеттік органның құжаты негізінде қайтарады. Мемлекеттік баждың артық төленген соммасын қайтаруды оның төленген жері бойынша қайтаруға арналған салық өтініші берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушінің банктегі шотына қайтарылады.
Мемлекеттік баждың артық төленген соммасын қайтаруға арналған құжаттар Мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік баждың мұндай соммасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс.

2 сұрақ
Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды, қайтаруды жүргізуге өтініш бойынша қызмет қандай уақыт ішінде көрсетіледі?

Қызметті көрсету мерзімі – 5 жұмыс күн

3 сұрақ
Берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді қайда және қалай алуға болады?

ҚР ҚМ МКК порталы (www.kgd.gov.kz), e-Salyq Azamat  мобильді қосымшасы, Чат-бот Telegram каналы @SalyqBot, Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz);

4 сұрақ
ЖК  тіркелуін қалай тексеруге болады?

ЖК тіркелуін e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, e-Salyq Business мобильді қосымшасы (ЖК профилінде көрсетіледі), ҚР ҚМ МКК-нің порталы (www.kgd.gov.kz), электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы тексеруге болады, сондай-ақ Kaspi.kz банктің қосымшасы арқылы. 

5 сұрақ
2021 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі?

Салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан (күнтізбелік жылдан) кешіктірілмей бюджетке жүргізіледі, яғни 2022 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей.

6 сұрақ
Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша берешегін қалай тексеруге болады?

Берешекті ҚР ҚМ МКК-нің сайтында тексеруге болады (www.kgd.gov.kz), «Электрондық сервистер» бөлімінде – «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» бөлімінде ЖСН енгізу арқылы, сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталында немесе e-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы арқылы «Электрондық сервистер» бөлімінде – «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы сервис» бөлімінде.

7 сұрақ
Егер шоттар бұғатталған болса, шығыс операцияларын  тоқтата тұру туралы салық органының өкімі (бұдан- әрі- ШОТӨ) деректерін қайдан көруге болады?

Салық кодексінде банктік шотты бұғаттау туралы салық төлеушіге (тек тиісінше екінші деңгейдегі банкке) жіберілетіні көзделмеген, өйткені ШОТӨ ұсынылғанға дейін (салық міндеттемесін қамтамасыз ету тәсілі ретінде) салық төлеушіге тиісті хабарлама жіберіледі, оны орындамау  шотты белгіленген мерзімде бұғаттауға әкеп соғады. Салық төлеушінің кабинетінде (cabinet.salyk.kz) хабарламамен танысуға болады.

8 сұрақ
Жеке тұлға көлік салығын қайда төлеуге болады және қандай мерзімде?

Көлік құралдары салығы тұрғылықты жері бойынша төленеді, төлеу мерзімі есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей (күнтізбелік жыл) 104402 БСК-на.

9 сұрақ
Мүгедек балалары бар ата-аналарды көлік салығынан босатылған ба?

Мүгедек балалары бар ата-аналарға  көлік салығы бойынша жеңілдік көзделмеген.

10 сұрақ
Жеке тұлғалардан автокөлік салығын қалай және қайда дербес есептеуге болады?

Салық төлеушілер автокөліктерге салынатын салық сомасын ҚР ҚМ МКК-ті сайтын www.kgd.gov.kz пайдалана отырып, келесі қойындылар арқылы өту арқылы дербес есептей алады: «Электрондық қызметтер» – «Калькулятор» – «Көлік салығын есептеу», сонымен қатар e-Salyq-Azamat қосымшасы арқылы «Көлік салығын есептеу» калькуляторын қолдана отырып, көлік салығын есептеуге болады және Чат-бот Telegram каналы @SalyqBot мәзірге өтіп «Калькулятор» – «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» таңдау.

e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларды App Store, Play Market және App Gallery-ден тегін жүктеп алуға болатындығын ескертеміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз