САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 желтоқсандағы №152-V Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты келесіні хабарлайды.

Салық кодексінің 71-бабына сәйкес, мониторингке жататын ірі салық төлеуші, осы Кодекстің 624-бабында көрсетілгендей, мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін 60 күнтізбелік күнге дейін ұзартуға құқылы.

Мониторингке жататын ірі салық төлеуші, мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталғанға дейінгі 10 жұмыс күнінен кешіктірмей тіркелген салық органын хабардар етуге міндетті. Хабарлама уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тапсырылады.

Осылайша, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің рұқсат ету сипаттағы мониторинг бойынша салық есептілігін тапсыру мерзімін ұзарту туралы салық өтінішінің орнына хабарлау тәртібі енгізілген. Сонымен қатар, салық төлеуші тіркеу орны бойынша салық есептілігін ұзартқаны туралы өз бетінше хабардар етеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз